• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 03:48:34
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

23 Шілде, 2019 NEWS

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

Оқиға орнында Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара ведомстволарының ресми өкілдері, екі елдің қарулы күштер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды, зардап шеккендер бар деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ворух (Тәжікстан) ауылының тұрғындары елді мекенге кіреберісте тутұғыр орнатқысы келген, ал Ак-Сай (Қырғызстан) халқы бұған қарсы болған. Кикілжің барысында тараптардың бірі қару қолданыпты. Мемлекеттік шекара қызметі хабарлағандай, оқ атқандар қарапайым тұрғындар болуы мүмкін, себебі аңшы мылтығы қолданылған, деп хабарлайды.

Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара әскерінің деректері бойынша, бір Тәжікстан азаматы қаза тапқан, үшеуіне оқ тиіп, тағы жетеуі әртүрлі деңгейде жарақат алған. Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі бұдан бұрын хабарлағандай, Тәжікстанмен шекарадағы атыс салдарынан бес адам зардап шеккен.

Оқиға орнында Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара ведомстволарының ресми өкілдері, екі елдің қарулы күштер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал күрделі, бірақ бақылауда, деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі. Қазір билік өкілдері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қырғыз-тәжік шекарасында оқта-текте қос мемлекет тұрғындары арасында қақтығыстар болып тұрады. Қақтығыстың себебі көбінесе - межеленбеген аумақтар.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір