• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:38:34
Алматы
+12°

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжан кеше, яғни 22- шілде күні  оппозиционер Ержан Тұрғымбайдың Youtube арнасында сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ержан Тұрғымбайдың арнасында сұхбат беріп отырған Мұхтар мырза алдымен өзін таныстырып, өмірбаянын айтып берді. Қоғам қайраткерінің өмірбаяны:

"Мұхтар Тайжан 1973- жылы 10-қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

1990- жылы Алматы қаласындағы №23 бітірігеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінінің Заң факультетіне түседі. Алайда әкесі Болатхан Тайжанның ұсынысымен оқу Польшаның астанасы Варшава қаласында жалғастырады. Варшава университетінде бакалавр және магистрлік деңгейлерді тәмәмдап, Қазақастанға 1997-ші жылы оралады.

Еңбек жолы:

1997–2001-жылдар аралығында аралығында түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс атқарады:

  • ҚР-дағы стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі (Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының "Экономикалық өсу" басымдығы бөлігін жасаушылардың бірі);
  • ҚР Президент Әкімшілгі, Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс органдары, халықаралық экономика бойынша сарапшы;

2001-2003-жылдар аралығында "Қазақстан темір жолы" АҚ және "Ордабасы" корпорациясы" АҚ-та басшылық қызмет атқарған.

2003 жылдан бастап жеке кәсіпкер.

2007-ші жылы "Жаһандану жағдайындағы Қазақстан және Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық перспективасы" атты кандидаттық диссертация қорғаған."

Сұхбатты жалғастыру мақсатында оппозиционер Ержан мырза өзінің сұрақтарын қоюды бастап кетті.

"Қазір саясаттың қызып жатқан кезі. Жер мәселесі, басқа да мәселелер. "Мұхтар Тайжан — биліктің адамы. Биліктің жұмысын жасап жатыр" деді. Тайжан халықты алдап, комиссияда жұмыс істеді, ал ана жақта Макс Боқаев және Талған Аян қамалды. Сонда бұл қалай болды? Осыны ашып айтсаң",- деді Италиядағы оппозиционер.

Сұраққа тіке жауап бергісі келген кәсіпкер:

"Меніңше, сіз жер мәселесі жайында ештеңе білмейтін секілдісіз. Сәуірдің 24-і күні Макс пен Талғат Атырауда үлкен митинг ұйымдастырды. Ал, 27-сі күні мен және Рысбек Сәрсенбай ағам Алматыда митингке арыз бердік. Бірақ бізге рұқсат берілмеді. Біз бірақ сонда да шығамыз дедік. Рысбек ағаны да, мені де екі рет ДВД -ға апарған.

Жер мәселесі өте маңызды, өте күрделі. Заң бойынша 1-шілдеден бастап жер жаппай сатылуы керек еді. Шетелдіктерге де, қазақтарға да. Ол кезде мамыр айы еді. Біз мораторий жариялауды ұсындық. Біздің талабымыз — комиссия құру. 1-шілдеден бастап жерді сатпау үшін. Оны үкіметпен бірге құру. Дәл осы талабымызды 5-мамырда президент Назарбаев қабылдады. Жарлығын шығарды, комиссия құрды, мораторий жариялады. 2016 жылдың аяғына дейін. Ол комиссияға Макс Боқаев, Мақсат Илиясұлы, Зәуреш Батталова, Мұхтар Шаханов т.б. кірді. Бірінші отырыс кезінде Макс "мен комиссия құрамына кірмеймін" деді. Ол кезде Талғат пен Макс бостандықта болатын.

21-мамыр күні үлкен митинг болу керек еді. Сол митингтің алдында Максті де басқаларын да 15 тәулікке қамады. 25-мамырда мен белсенділерді соттамау үшін Алматы сотына бардым. Қамалған адамдардың әрқайсысынан арыз алып, бас прокурорға бардым. Тамыз айында комиссия біткен кезде сот болды. Атырауда Макс пен Талғаттың соты болды. Мен сотта сөйлей алмадым. Ақыры жер комиссиясының шешімі осы мораторий. "5-жылдық мораторий кезінде жер ешкімге сатылмауы керек. Шетелдіктерге де, қазақтарға да"  деген ұстаным болды. Бес жылда ел жаңа болады деп ойладым.",- деді сөздерін нақтылап алып.

Әңгіме барысында біраз дүние талқыланды. Оның ішінде Ұлттық Қауіпсіз кеңесі жайлы да айтылды. Ең өзекті тақырып та қозғалды. Мұхтар Тайжан аяқ астынан шыққан оппозиционер Ержан Тұрғамбайдың қайдан келгенін де сұрап, біраз тергеуге алды. Толығырақ видеода:

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір