• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:41:53
Алматы
+35°

23 Шілде, 2019 NEWS

Аудан әкімінің орынбасарын өртеп жіберді

Оқиға жүздеген куәгердің көз алдында болған.

Өзбекстанда Қашқадария облысы Яккабак ауданында кәсіпкер өзінің жаңадан салынған екі қабатты үйін, дүкенін және цехын сүріп тастамақ болған әкім орынбасарының үстіне жанармай шашып, өртеп жіберді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі CA-NEWS (UZ) сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 20-шілде күні жүздеген куәгердің көз алдында болған.

Құрылысқа жауап беретін әкім орынбасары Мансур Туймаев үйді сүріп тастаудан бас тартқан техника жүргізушісінің жанына жиырма шақты адам алып келіп, оған дереу ғимараттарды қиратуды тапсырған.

Жәрдемақы берілмегендіктен, дүкенді бұзбай қоя тұруын сұраған кәсіпкердің сөзін құлаққа ілмеген әкім орынбасары Туймаевтың үстіне жанармай шашып өртеп жіберген. Шенеуніктің үстінде жанып жатқан лапылдаған отты жанындағы адамдар сөндіріп, оны жедел түрде ауруханаға алып барған.

Өзінің қарсылығын осылай көрсеткен кәсіпкерді ІІМ алып кеткен, ал әйел, бала-шағасы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Дүкен қожайының мойынында көптеген несиесі бар екенін, қолына үкімет беретін ақшаны алмайынша ғимаратты бұзуға рұқсат бермейтінін айтты. Бұл Туймаевтың ашуын келтірді. Сөйтті де ол бульдозер отырып, барлығын өзі жасамақшы болды. Дүкеннің иесі оның бульдозерден түсуін талап етті. Қарсылық танытқан жағдайда өртеп жіберетінін ескертті. Бірақ әкім орынбасары ерегесіп бульдозерді оталдырды. Мұны көрген кәсіпкер Туймаевтың үстіне жанармай шашып, сіріңке жағып лақтырып жіберді. Бәр-ақ сәтте көліктің іші қызыл жалынға айналды. Айналадағылар өртті сөндіріп үлгерді. Ал әкім орынбасарын ауруханаға алып кетті",- дейді куәгер.

Басқа да жандардың айтуынша, әкім орынбасары Мансур Туймаев бірнеше айлар бойы Яккабак ауданында тұратын халыққа қысым көрсетіп, олардың үйлері мен дүкендерін сүргізіп тастаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір