• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 03:56:33
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

23 Шілде, 2019 Атырау облысы

Атырауда стационарлы полиция бекеті ашылды

22-шілдеде мұнайлы астананың орталығында стационарлы полиция бекетінің салтанатты ашылуы өтті

22-шілдеде мұнайлы астананың орталығында стационарлы полиция бекетінің салтанатты ашылуы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов бұл бекеттер арқылы полиция учаскелік инспекторлары тәулік бойына өздеріне бекітілген аумақтарда халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, полицияның халыққа қажет жағдайда дереу көмекке келуіне, құқықбұзушылықтардың барлық түріне дереу әрекет етуге жол ашады деген сенімін білдірді.

"Кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталады. Жергілікті әкімдік тарапынан бұл бағыттағы ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатқандығын және органдардың мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылуда. Бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізеді деген сенімдемін",- дейді Серік Шапкенов.

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтың айтуынша, жоба аясында осындай стационарлы полиция бекеттері ашық, халыққа көрінетін және ыңғайлы орындарда, еркін түрде кіруге мүмкіндік беретін, халық пен полиция қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарына сай жерлерде орнатылатын болады.

"Жоба жергілікті атқарушы және прокуратура органдарымен бірлесіп әзірленген. Бекет қылмыстылық картасымен, заманға сай жабдықтармен, компьютермен және ҚР ІІМ-нің арнайы базасымен қамтамасыз етіледі. Болашақта осы бекеттердің тәулік бойына жұмыс жасауы қылмыстылықты тежейтін факторлардың бірі болмақ, кез келген құқық бұзушылыққа жедел әрекет етіп, облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді",- дейді Атырау қалаасының прокуроры Аршат Тайтуллин.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір