15 Шілде, 2019 Атырау облысы

Атырауда үйден қару ұрлағандар ұзақ мерзімге сотталды

Қазіргі уақыта тұрғынүй ұрлығының 18 фактісіне, оның 2 аңшылық қару ұрлығына қатысты 2 күдікті ұзақ мерзімге сотталды.

Қазіргі уақыта тұрғынүй ұрлығының 18 фактісіне, оның 2 аңшылық қару ұрлығына қатысты 2 күдікті ұзақ мерзімге сотталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Атыраулық полицейлер қару иелеріне қатысты тескеру жұмыстарын жалғастыруда. Тексерулер нәтижесінде жыл басынан бері 312 хаттама толтырылған. Заңбұзушылықтардың басым бөлігінде қару иелері мүліктердің сақталуы мен қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған. Көбіне қару сақтайтын сейфтердің сигнализация жүйелері істен шыққан. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қаруды уақытылы тіркеу және тіркеу мерзімдерін ұзарту жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта қару иелерінен заңбұзушылықтар қалпына келтірілгенге дейін 186
қару тәркіленіп алынды. Облыс бойынша 9099 қару тіркелген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір