• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:59:14
Алматы
+35°

23 Шілде, 2019 Астана

Елордада жалаңаш жүрген ер адамның есі дұрыс емес (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген еркекті полиция ұстап, кім екенін анықтады

Нұр-Сұлтан қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген еркекті полиция ұстап, кім екенін анықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, Инстаграмдағы ostanovka98 парақшасында көшеде тыр жалаңаш кетіп бара жатқан ер адамның видеосы тараған еді. Видеода бұл Нұр-Сұлтан қаласы екені көрсетілген. Елордалық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты түсінік берді.

Олардың айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзған бұл ер адамға жаза қолданылмайды.

"Кеше күндіз Жеңіс және Бөгенбай даңғылы қиылысында ер адам көшеде тыр жалаңаш жүрген. Оны полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасынан байқап қалып, жақын маңдағы бөлімшеге апарған. Ер адамның денсаулығында кінәрат бары анықталды. Медицина қызметкерлері келіп, оны ауруханаға алып кетті. Егер көшеде сау адам солай жүрсе, міндетті түрде жазаланады", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір