• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 15:40:18
Сенім үдесінен шыққан банк

24 Шілде, 2019 NEWS

Жаңа рекорд: АҚШ Қазақстан экономикасына 5,3 миллиард доллар салды

Уильям Мозер инвестициялық ахуалды жақсарту тәсілдерін жоғары бағалап, америкалық тараптың ынтымақтастықты қолданыстағы форматта жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында инвестициялық салада, мұнай саласында, агроөнеркәсіптік секторда ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

"Құрама Штаттар Қазақстанның басты серіктестері мен инвесторларының бірі болып қала бермек", — деген ҚР Премьер-Министрі, 2018 жылғы қаңтардағы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев пен АҚШ Президенті Д. Трамп қол жеткізген уағдаластықтарды іске асырудың, сондай-ақ, өзара тиімді өзара іс-қимыл көкжиегін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 37,3%-ға $2,2 млрд дейін өсті. Америкалық инвестициялардың Қазақстан экономикасына ағымы 44,7%-ға өсті және $5,3 млрд жетіп, жаңа абсолютті рекорд орнатты.

"Инвестициялар тартып, стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторларға аса қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылады. Жаңа тәсілдер америкалық серіктестер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды", — деді А. Мамин.

Перспективалы экспортқа бағдарланған салаларда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін тиімді шешу үшін тікелей шетелдік инвестициялар бойынша Үйлестіру кеңесі және Тікелей шетелдік инвестициялар қоры құрылды.

ҚР Премьер-Министрі ірі америкалық компаниялардың агроөнеркәсіптік сектордағы жобаларын жүзеге асырудың перспективалығын атап өтті және өңір нарықтарына шығумен Қазақстан аумағында өндірісті ұйымдастырудың мүмкіндігіне тоқталды.

Өз кезегінде, У. Мозер инвестициялық ахуалды жақсарту тәсілдерін жоғары бағалап, америкалық тараптың ынтымақтастықты қолданыстағы форматта жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір