• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:01:05
Алматы
+35°

24 Шілде, 2019 Әлем

Солтүстік Корея ресейлік кемені басып алды

Кеме иесінің өкілі экипажды екіге бөлгендерін айтады.

Солтүстіккореялық шекарашылар ресейлік "Сянхайлинь-8" сейнерін басып алған. Бортында экипаждың 17 мүшесі, оның ішінде Оңтүстік Кореяның екі азаматы болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы РИА Новости ақпараттық порталы жазды. 

Кемеге иелік етуші компания директорының орынбасары Сергей Седлер оқиғаның 17 шілдеде болғанын айтады. Кемені басып алуға басты себеп - "әскери күзетілетін аймақ" шекарасына заңсыз кіру.

Бұл аумақты КХДР жағалаудан 50 теңіз миль қашықтықта бекітіп тастаған. Оның айтуынша, сейнер күнделікті бағытымен кетіп бара жатқан - ресейлік Приморьеде шаян аулап, Зарубинода құжаттарды рәсімдеп, оңтүстіккореялық Сокчоға апара жатқан. 

Кеме иесінің өкілі экипажды екіге бөлгендерін айтады: капитанды, екі көмекшісін және екі оңтүстіккореялық мамандарды қонақүйде ұстап отыр, ал қалғанын каютадан шығармайды екен. Күн сайын жауап алып, бақылау жүргізіледі, сондай-ақ кемеде су мен азық-түлік таусылды деген қауіп бары да айтылады.  Ресейлік дипломаттар осы мәселені шешуге кіріскен.

"Біздің елшілік жағдайды біледі, дипломаттар кірісіп кетті. Менің білуімше, олар экипаж мүшесімен кездескен", - деді Ресей Сыртқы істер министрлігінің Владивостоктағы өкілі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір