• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:08:59
Алматы
+35°

24 Шілде, 2019 Ғылым-білім

ҰБТ: Оқуға түсе алмай қалған түлектерге тағы бір мүмкіндік беріледі

Ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш осы жылдың 25 шілдесі мен 3 тамызы аралығында қабылданады

Ертең тамыз айында ақылы негізде өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау басталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өтініштер желілік жоғары оқу орындарында 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады", - деп жазылған Ұлттық тестілеу орталығының сайтында.

 Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 17-20 тамыз аралығында өткізіледі. Бағасы – 2242 теңге.

Ақылы ҰБТ

Қазақстанда 11 (12) - сынып түлектерінің жылына төрт рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі бар, олардың үшеуі ақылы негізде болады.

  • 15 қаңтардан 20 қаңтарға дейін (ақылы) - өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады;
  • 24 наурыздан 29 наурызға дейін (ақылы) - өтініштер 1-15 ақпан аралығында қабылданады;
  • 20 маусымнан 5 шілдеге дейін (тегін) - өтініштер 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады;
  • 17 тамыздан 20 тамызға дейін (ақылы) - өтініштер 25 шілдеден 3 тамызға дейін қабылданады.

Тестілеуді қаңтар, наурыз және тамыз айларында сәтті тапсырған студенттер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсе алады. Ал маусым-шілде айларындағы тестілеу мемлекеттік білім грантын алуға мүмкіндік береді.

2019 жылы 110 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырды, олардың 82 мыңнан астамы 50 балдық шекті деңгейден өтті.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҰБТ түлек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір