• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 22:12:48
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

24 Шілде, 2019

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы

Шілде айында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы қаласының әрбір ауданында мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесіне арналған семинарлар өтті

Шілде айында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы қаласының әрбір ауданында мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесіне арналған семинарлар өтті. Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен ұйымдастырылған іс-шараларды заң ғылымдарының кандидаты, Нархоз университеті Жеке және жария құқық кафедрасының доценті Роза Өміртай мен мәдениеттанушы Бердалы Оспан жүргізді.

Заңгер семинарда мемлекеттік рәміздерді қолданудың құқықтық жағын әңгімелесе, ғалым танымдық тұрғыдан ой толғады.

"Заңға сәйкес мемлекеттік рәміздерді әрқайсысының өзіндік құқықтық орны бар. Елтаңба, Ту төрде, таза орында тұруы керек. Оларды табалдырыққа, лас жерлерге қоюға болмайды. Қазір неге туды балконға ілуге рұқсат етпейді деп сұрап жатады. Балкон біздің ел үшін төр болып саналмайды. Ондай жерге кір жаяды, темекі тартады, темір-терсек жинайды, сондықтан балконға ту ілу заңға сәйкес емес", - дейді Р.Өміртай.

Ал мәдениеттанушы Б.Оспанның сөзінше қазақ тарихында таңбалардың орны аса зор. «Қазақ тарихы таңбалардан құралады. Ұлан-байтақ жерімізде мыңдаған таңбалы ескерткіштер бар. Кезінде әр рудың, әр тайпаның да таңбасы болды. Бабаларымыз «Енсіз ел болмайды» деп бекер айтпаған. Әлемде мыңдаған халық бар, соның 200-ден астамының ғана мемлекеттік рәміздері бар. Сол себепті  мұның қадір-қасиетін ұғына білейік», дейді ғалым.

 «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкір мемлекеттік рәміздерге қатысты құқықбұзушылықтардың жиі орын алып жататынына қынжылыс білдірді. 

"Мемлекеттік гимн орындалған сәтте, қолын кеудесіне қоймайтындарды да көріп жүрміз. Заңға сәйкес тек шетел азаматтары ғана гимн шырқалған кезде қолын кеудесіне қоймауға қақылы. Ал қазақстандықтар оны тік тұрып қарсы алып, қолын жүрек тұсына қойып құрметтеу керек", - дейді бірлестік төрағасы.

Семинарлар әр аудандағы әр мекемлерде өтті. Олардың арасында санитарлық-эпидемиялық орталық, мемлекеттік мұрағат, оқу орындары, кітапхана, емханалар бар.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір