• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:18:54
+35°

24 Шілде, 2019 NEWS

Бауыржан Байбек Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды (видео)

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай данышпан шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын халқымыздың күміс көмей, жез таңдай әншісі Мөлдір Әуелбековадан қабылдап, Абай шығармаларынан үзінді оқымақпын.

Бауыржан Байбек Абайдың өлеңін оқыды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Армысыздар, ардақты ағайын!

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай данышпан шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын халқымыздың күміс көмей, жез таңдай әншісі Мөлдір Әуелбековадан қабылдап, Абай шығармаларынан үзінді оқымақпын.

Абай – қазақ руханиятының айнасы, кемел дүниетанымының көрінісі. Абай мұрасы – ақылдың кені, сарқылмас рухани қазына. Ұлы ойшылдың қай туындысын алсаңыз да, салиқалы ой, салмақты тұжырымға тұнып тұр.

Ұлы Абайдың өсиет еткен ой-пікірлері, бізге мұра етіп қалдырған қара сөздері мен өлеңдері тағлымды мән-мағынаға толы, қазір де өзекті. Олардың негізгі түйіні бірлік, еңбек және адамгершілік секілді басты құндылықтардың өзегінде тоғысқан. Қашанда елдіктің бастауы – бірлікте.

Осыған орай менің таңдауым хәкім Абайдың «Сәулең болса кеудеңде» өлеңіне түсті", -деді Бауыржан Байбек.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Армысыздар, ардақты ағайын! ⠀ Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай данышпан шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын халқымыздың күміс көмей, жез таңдай әншісі Мөлдір Әуелбековадан қабылдап, Абай шығармаларынан үзінді оқымақпын. ⠀ Абай – қазақ руханиятының айнасы, кемел дүниетанымының көрінісі. Абай мұрасы – ақылдың кені, сарқылмас рухани қазына. Ұлы ойшылдың қай туындысын алсаңыз да, салиқалы ой, салмақты тұжырымға тұнып тұр. ⠀ Ұлы Абайдың өсиет еткен ой-пікірлері, бізге мұра етіп қалдырған қара сөздері мен өлеңдері тағлымды мән-мағынаға толы, қазір де өзекті. Олардың негізгі түйіні бірлік, еңбек және адамгершілік секілді басты құндылықтардың өзегінде тоғысқан. Қашанда елдіктің бастауы – бірлікте. ⠀ Осыған орай менің таңдауым хәкім Абайдың «Сәулең болса кеудеңде» өлеңіне түсті. ⠀ Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел? Берекелі болса ел – Жағасы жайлау ол бір көл. Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса жел. Жан-жағынан күркіреп Құйып жатса аққан сел, Оның малы өзгеден Өзгеше боп өсер төл. Берекесі кеткен ел – Суы ашыған батпақ көл. Құс қаңқылдап, жағалап, Сулай алмас жазғы төл. Оның суын ішкен мал Тышқақ тиіп, аспас бел. Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып, Ақжем болма, жаным, кел! ⠀ Қазақ баласы осы құндылықтарға табан тіреп, ойын да, бойын да Абайға қарап түзесе, адаспайды. Бірлігіміз бекем, адамшылығымыз кемел, елдігіміз мәңгі болмақ. ⠀ Абай шығармаларын оқу эстафетасын халқымыздың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, асыл ағаларымыздың бірі Смағұл Елубайға, Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» Фракциясының төрайымы Гүлмира Исимбаеваға, «Jas Otan» жастар қанатының белсенді мүшесі, «Волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының жетекшісі, қарындасымыз Айсұлу Ерниязоваға жолдаймын.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір