• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:17:54
Алматы
+35°

Кидапаван атты филиппиндік қаладағы бейнебақылауға түсіп қалған қос иттің улы жыланды бала жатқан үйге кіргізбей тұрған видеосы көптің ықыласын аударды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кадрда көрінгендей, Мокси есімді ақ түсті ит жыланды көре сала табанымен жанши бастайды. Оған қара түсті Майли есімді ит көмекке келген. Екеуі улы жыланмен біраз айқасады.

Он минуттық төбелес нәтижесінде кобра қос итке де уын шашып үлгерген. Соның салдарынан Майли өліп қалады. Ал Мокси тірі қалғанымен, көзінен айырылған.

«Біз әйелім екеуміз жұмыста едік. Жұмыстан келгенде бала қараушы болған жайды баяндап берді. Біз бейнебақылаудан жағдайды көріп, таң қалдық. Мен иттерімнің алдында қарыздармын. Біз Майлиды сағынатын боламыз», - дейді сәбидің әкесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір