• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:09:37
Алматы
+35°

25 Шілде, 2019

Кайдзен - үздіксіз даму жүйесі

Кайдзен – «кай+дзен», яғни үздіксіз даму мағынасын білдіретін жапон философиясы

Кайдзен – «кай+дзен», яғни үздіксіз даму мағынасын білдіретін жапон философиясы. Өзіңді тұлға және маман ретінде, жұмысың мен өндіріс процесін, клиенттермен қарым-қатынасты, тұтастай алғанда айналадағы бәрін үздіксіз дамыту.

Алғаш рет 1947 жылы Жапонияда пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң бұл елдің экономикасы құлдырап, Жапонияда өндірілген тауарлардың сапасы нашарлады. Америка жапон кәсіпкерлеріне лекция оқып, тәжірибесімен бөлісуге өздерінің ең мықты инженерлерін жібереді. Олардың арасында заманауи сапа қозғалысының жетекшісі У.Эдвардс Деминг те бар болатын.

Деминг өндірісті қалай дамытып, жұмысты қалай жолға қою керегін үйретті. Жапондардың Деминг идеяларын түгел меңгеріп алғаны сонша, он жылдан соң америкалықтар келіп, жапондардың тәжірибесімен танысады. Атақты автомобиль компаниясының иесі Генрих Форд та жапондардан үйренгенін пайдаланады. Америкалық бизнесмендер бұл әдісті Лин-жүйе деп атады. Бірақ олар дәл кайдзен әдісін енгізе алмады.
Кайдзенді барлық салада қолдануға болады. Ең алғаш 1947 жылы Toyota компаниясында қолданылып, дамыған. Әлемдік көлік компаниялары соғыстан соң Toyota-ның тез өтіп кеткеніне таң-ғала бастады. Кейінірек, 1980-жылдары Масааки Имаидің «Кайдзен: жапондық компаниялардың жетістікке жету кілті» атты еңбегі шықты. Осы кітаптан соң бүкіл әлем кайдзенді таныды. Кайдзен бойынша басқару Батыстағы басқару тәсілдеріне мүлде ұқсамайтын. Жапонияда басты назарды адамдар мен өндіріс процесіне аударады. Ал Батыста компания басшылығы өнім мен нәтижеге көп мән береді.

Адамдармен тез араласып кету бухгалтердің қолынан жақсы келеді. Оның адаммен тіл табыса кетуі сандарды есептеуінен де жақсы. Демек, басшылық ол адамды маркетинг сияқты шешендік қабілетті көбірек талап ететін қызметке ауыс-тыруы керек. Өкінішке қарай, біздің басқару ісінде шектеу көп. Қаржыгер деген дипломың болса, тек осы салада ғана жұмыс істей аласың. Ал одан да мықты қабілеттерің ескерілмейді. Әр қызметкердің жұмысты жақсарту жайында жеке ойы болады. Басшылық сол ойды тыңдау арқылы мұндай үлкен шығыннан құтыла алады.

Сонымен қатар, кайдзэн жүйесі жемқорлыққа жол бермейді. Кайдзен жоғарыдағы сегіз шығынға жол бермейді. Қазір елімізде биыл салынған жолды келесі жылы жөндеп жатады. Немесе аз-маз жері кетсе болды, қайтадан тендер жариялайды. Дұрыс жолды қырып, үстіне жаңасын төсейді. Ал бұрынғысының салынғанына әлі бір жыл да толған жоқ. Мұның барлығы ысырап екенін сезіп отырсыз. Мұндай істердің артында әдетте жемқорлық тұрады. Жапонияда бір рет салынған жолға 70 жылдық кепілдік беріледі. Ал жапондар салған үй 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді. Алматының «Алғабас» ауданындағы үйлердің бірнеше жыл өтпей жатып қисайғанын естідік. Демек, сапасыз салынған. Сапасыз жол мен үйді салуға рұқсат алу мен рұқсат берудің арасында жемқорлық жатыр. Егер мемлекеттік басқаруға кайдзен секілді бағдарлама енгізсе, ысырап пен жемқорлыққа жол берілмес еді.

"Қазақ – жалқау халық" деген Кеңес одағында таңылған жәй сөз ғана. Егер біз жалқау болсақ, кез келген жағдайда өмір сүріп кете алмас едік. Кайдзенді меңгерсек, жапондардан да асып кетуімізге де болады.

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір