• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:48:40
Алматы
+35°

25 Шілде, 2019 NEWS

Министрлік басшысы зымыран сынауын "өкінішті" жағдай деп атады

Ким Чен Ын "тактикалық мақсатта басқарылатын зымыранның" жаңа түрін сынауға қатысты

КХДР кем дегенде екі зымыран ұшырды. Зымыранның қай түрге жататыны белгісіз. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның штаб басшылары бірлескен комитеті хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі CНЦА сілтеме жасап.

Франс Пресс ақпарат агенттігінің АҚШ шенеунігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Пхеньян қысқа қашықтыққа ұшатын зымыран сынаған.

430 шақырымға ұшқан зымырандар Жапонияның экономикалық аймағына жетпей, теңізге құлаған. Жапония қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымырандар елдің қауіпсіздігіне қатер төндірмеген. Министрлік басшысы Такэси Ивая Пхеньянның зымыран сынауын "өкінішті жағдай" деп атады.

Солтүстік Корея мамыр айында қысқа қашықтыққа ұшатын бірнеше зымыран сынады. Сәуір айының ортасында КХДР басшысы Ким Чен Ын "тактикалық мақсатта басқарылатын зымыранның" жаңа түрін сынауға қатысты. АҚШ сарапшылары осы сынақтар арқылы Пхеньян Вашингтонға қысым жасағысы келеді деп болжады. Корея түбегін ядролық қарудан тазарту жөніндегі келіссөздер сәтсіз аяқталған еді.

Солтүстік Корея ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұрғындар "суда және әуеде тұруға әзір", бірақ шетел қысымына қаймықпайды. Пхеньян Вашингтонға жыл аяғына дейін "бір амалын табуға" уақыт береді, әйтпесе ол өз қауіпсіздігін қамтамасыз етудің "басқа жолын" таңдайды.

Ақпан айының соңында Ханойда КХДР мен АҚШ екінші саммитін өткізді. Кездесу сәтсіз аяқталды – Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бірлескен декларация қабылдамады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір