• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:20:40
Алматы
+35°

25 Шілде, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Қауіпсіздік сертификаты деген қайдан шықты?

Қуаныш Еділхантегі атты фейсбук қолданушысы Қазақстанда ұялы байланыс операторларын қауіпсіздік сертификатына тіркеу бастамасының қайдан шыққанын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ресейде интернетті дүниежүзілік ғаламтордан айыруға дайындық жүріп жатыр. Бұл жөнінде өткен ақпан айында Путин: "Ол Батыс арнайы органдарының ойлап тапқаны. Отырып алады да тыңдайды, оқиды, сөйтіп қорғанысқа қатысты ақпар жинайды, сондықтан біз дүниежүзілік ғаламтордан ажыратылуға дайын болуымыз қажет" деген еді.

Дербес интернет туралы заң қараша айында күшіне енеді, оған дейін заңды түсіндіретін қосымша актілер мен жазбалар сарапшылар мен провайдерлердің өздерін шалқасынан түсіруде.

Мем.дума енді электрондық поштаға ауыз салды - идентификациясыз электрондық пошта ашуға тыйым салынатын болды.

РФ үкіметі ресейліктерге "ru" зонасынан тыс жердегі сайттарға кіруге тыйым салуға ұсыныс түсірді.

Біздегі қауіпсіздік сертификаты дегеннің қайдан келіп жатқаны енді түсінікті болған шығар?

Жалпы интернетпен соңғы айлар ғана жұмыс жасап жатқан сияқтымыз. Әрине, мекемелер арасында хат жазысу, ақпарат алмасу, банктердегі операциялар дербес жұмыс жасай беруі мүмкін, бірақ бұрынғыдай дүние жүзінің кез-келген нүктесімен емін-еркін ақпарат алмасып отыру болмауы ғажап емес. Бұл XXI ғасыр емес, XIX ғасыр болып жатса таң қалмаймын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір