• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:07:19
+35°

 

23 шілдеде Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтіп, оған спикерлер ретінде азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Жомарт Рүстембеков, Нұрмұхаммат Абидов, БАҚ-пен іс-қимылды өзара үйлестіруші, облыстық соттың судьясы Ғалым Күлекеев қатысты.

Брифингті аша отырып, Нұрмұхаммат Абидов есептік кезеңде қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылық пен әділдік негізгі векторлар болып табылатынын атап өтті.

Жамбыл облысының соттарымен 1115 қылмыстық істер қаралып аяқталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 120 іске (995) артық, қылмыстық істерді қарайтын судьялардың жүктемесі 4,4-тен 5,3-ке дейін өсті. Сондай-ақ үкім шығарумен 722 іске қарсы көбірек 866 іс қаралды. Түрлі негіздер бойынша 162 іс қысқартылып, 76 қылмыстық іс прокурорға қайтарылды. Медиаторларды тарта отырып, сотқа дейінгі өндіріс сатысында 113 қылмыстық іс тоқтатылды, өткен кезеңде 118 болған.

Облыс соттары есепті кезеңде 17 адамды ақтады,бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен дәл жартысына азайған, өткен жылы 33 адам ақталған болатын. 15 жеке айыптау ісі және 2 көпшілік алдындағы айыптау ісі бойынша ақтау үкімдері шығарылды. (ҚК 174-бабы. 1-бөлігібойынша Тұрабековтың қылмыстық ісі.; ҚК 361-бабының 1-бөлігі бойынша Ниязқұловтың қылмыстық ісі). 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 33 ақтау үкімінің 32-і жеке айыптау істері бойынша және 1-і аса ауыр қылмыс туралы іс бойыншаболған (Хамдамовтың қылмыстық ісіМАҚС).

Сот сатыларымен есепті кезеңде апелляциялық тәртіппен 3 адамға қатысты үкімдердің күшіжойылды (кассациялық тәртіппен күші жойылған үкімдер жоқ).

Үкімдердің күшін жою пайызы 0,3% - ды құрады, орташа республикалық 1,3% - ды құрады, өткен кезеңде 4 үкімнің күші жойылып және күшін жою пайызы 0,3% - ды құраған болатын.

Есепті кезеңде 93 тұлғаға қатысты кассациялық және апелляциялық тәртіппен үкімдер өзгертілді және жалпы облыс бойынша өзгеру пайызы 8,1% құрады, орташа республикалық көрсеткіш 4,6%, мұнда біздің көрсеткіштеріміз нашар.

Апелляциялық тәртіппен 49 адамға қатысты үкімдер өзгертілді (4,2%), өткен кезеңде 41 (2,8%) болған, кассациялық тәртіппен 44 адамға қатысты үкімдер өзгертілді және өзгеру пайызы 3,8% - ды құрады, орташа республикалық көрсеткіш 0,9% - ды құрады, өткен кезеңде кассациялық тәртіппен 12 адамға қатысты үкімдер өзгертілген.

Бұл ретте, есірткі құралдарының контрабандасына байланысты істер бойынша істерді қарау тәжірибесінің өзгертілуіне байланысты 44 адамға қатысты кассациялық тәртіппен өзгертілген үкімдердің 37 адамға қатыстысы,ҚК-нің 286-бабы бойынша қылмыстың аяқталған құрамынан кінәлілердің әрекеттері ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі 286-бабы бойынша аяқталмаған құрамға қайта сараланғанын, бұл ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігі талаптарын қолдану қажеттігіне байланысты жазаны жеңілдетуге әкеп соқтырғанын атап өткен жөн.

16 адамға қатысты қылмыстық істердің осы санаты (есірткі құралдарының контрабандасы) бойынша үкімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қолдаған облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша өзгертілді.

7 адамға қатысты үкімдер кассациялық тәртіппен мынадай негіздер бойынша өзгертілді:

3 адамға қатысты дәлелдемелерді бағалау мәселелері бойынша (ақша қаражатын заңдастыру – 2 адам, есірткі құралдарын пайдалану үшін үй – жай беру-1 адам);

1 адамға қатысты жазаны өтеу режимі бөлігінде ( аппеляциялық тәртіппен осы бұзушылықты жоюға мүмкіндік болмады, себебі процеске қатысушылармен жағдайдың нашарлауы туралы мәселе қойылмаған)

1 адамға қатысты азаматтық талап бөлігінде;

1 адамға қатысты айыппұл түрінде жаза қолдану бөлігінде,

1 адамға қатысты 55-баптың 2-бөлігі қағидаларыныңесебінсіз жазаны дұрыс тағайындамауменбайланысты.

Апелляциялық тәртіпте 3 адамға қатысты үкімдердің күшін жоюға және 49 адамға қатысты үкімдердің өзгеруіне жол берілді.

Жомарт Рүстембеков өз баяндамасында азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудыңсандық деректерін айтты.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында 12 336 азаматтық істер аяқталды, оның ішінде 7 433 шешім шығарумен, 35 шешім (0,5%) апелляциялық тәртіпте жойылды, 81 шешім өзгертілді (0,08%), 2 шешім кассациялық тәртіппен өзгертілді, 732 өтініш қараусыз қалдырылды, бұл 5,9% құрады.

Сырттай тәртіппен 1 азаматтық іс қаралып, 2 590 сот бұйрығы шығарылды, жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен 2 801 азаматтық іс, 629 іс медиация тәртібімен қаралды.

Есептік кезеңде 6 836 әкімшілік материал қаралды, апелляциялық тәртіппен 6 қаулы жойылды, бұл 0,09% құрайды, 13 қаулы 0,2% өзгертілді.

Азаматтық істер бойынша бірыңғай сот тәжірибесін белгілеу мақсатында келесі ұсынымдар әзірленді:

1) Атқарушылық жазбаны жасау жөніндегі нотариаттық іс-әрекеттерге шағымдарды қарау бойынша бірыңғай сот практикасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

2) Банк дауларын қарау жөніндегі ұсынымдар);

3) Азаматтық істер бойынша шешімдерді түсіндіру жөніндегі жадынама);

4) Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып,«Жер дауларын қарау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»;

5) Мемлекеттік сатып алу туралы.

Судья Ғалым Күлекеев брифингті Жамбыл облысы соттарының БАҚ-пен өзара іс-қимылы туралы ақпаратымен жалғастырды.

Жамбыл облысының соттары 2019 жылдың 6 айында Жамбыл облысының судьялары және сот қызметкерлері 552 мақала (оның ішінде БАҚ-та біз туралы (облыс соттары туралытілшілердіңжәне т.б.дайындаған)246 мақала, (судьялар мен мамандар дайындаған) 306 мақала, 348 баспасөз-релизі облыстық соттың және Жоғарғы Соттың сайттарында орналастырылған.

Теледидар мен радиода сөз сөйлеудің көрсеткіштері 44 эфирлік анықтама мен сюжетті құрады,соның ішінде радиода 15 рет, теледидарда 29 рет сөз сөйленді. Бұл түрлі теле-радиосұхбаттар, жаңалықтардағы ақпараттық шығарылымдар, мамандар мен судьялардың түсініктемелері, сондай-ақ олардың тақырыптық бағдарламаларға қатысуы.

Жамбыл облысының соттарымен 9 брифинг, 15 «Ашық есік күндері», 64 «дөңгелек үстелдер», 51 семинарлар өткізілді. Іс - шаралардың жиынтық саны-139.

Д.С.Қыдыралиева

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір