• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:05:41
Алматы
+35°

 

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы "Өңірлік коммуникациялар қызметінің" ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Бақытжан Уразқұлұлы  Исаковтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бақытжан Уразқұлұлы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның қызметінің қорытындысы туралы   баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Брифинг барысында «Даму» қорының облыстық филиалының директоры «Даму» қорының мемлекеттік бағдарламар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған негізгі қаржылық құралдарын ұсынды, яғни атап айтқанда:

1) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

2) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

3) Басым жобаларды кредиттеу тетігі (қарапайым заттар экономикасының бағдарламасы);

4) Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы;

5) "Береке" өңірлік қаржыландыру бағдарламасы.

Сонымен қатар, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында көрсетілген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижелері туралы айтылды.

Мәселен, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Субсидиялау» құралы бойынша жалпы несие сомасы 3,4 млрд.теңгені құрайтын 73 жоба субсидияланды. Ал «Кепілдік беру» құралы бойынша аталмыш бағдарлама аясында жалпы несие сомасы 1,4 млрд.теңгені құрайтын 40 жоба кепілдендірілді, бұл ретте «Даму» қоры берген кепілдіктердің жалпы сомасы 435,6 млн. теңгені құрады. Басым жобаларды несиелеу тетігі аясында жалпы несие сомасы 191 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды,оның 3-уі бойынша бүгінгі күні субсидиялау шартына қол қойылды. Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 791,5 млн.теңгеге 67 кәсіпкерге шағын несие берілді.

Сонымен қатар, «Даму» қорының облыстық филиалы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның негізгі міндеті кәсіпкерлерге, сондай-ақ кәсіпкерлік әлеуеті бар халыққа консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ «Даму» Қоры жүзеге асыратын бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктер қаржыландырғанға дейін олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеу болып табылады.

«Даму» Қоры сіздің бизнесіңізді дамыту үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір