• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:16:57
Алматы
+35°

26 Шілде, 2019 Саясат

Асия Төлесова бір адамдық пикет өткізді

Асия Төлесованың акциясы 20 минутқа созылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері болмаған. 

Алматыда белсенді Асия Төлесова бір адамдық наразылық акциясын өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vlast.kz сайтының дерегін негізге алып. Ол қолына "Жемқорлыққа жол жоқ! Саяси тұтқындарға бостандық" деген жазуы бар плакат алып шыққан. 

Ол бұл наразылық акция арқылы Қазақстанда саяси тұтқын ретінде танылған Мұхтар Жәкішевке бостандық сұрағысы келген. Сондай-ақ аталмыш пикетті журналист Сергей Дувановқа арнайтынын айтқан. Еске сала кетсек, Сергей Дуванов та бір адамдық пикет өткізген болатын. 

"Бұл пикетті журналист Сергей Дувановқа арнаймын. Себебі ол да саяси тұтқын. Еліміз үшін көп нәрсе жасады.  Қит етсе түрмеге отырғыза беретін бұл неткен жемқор жүйе еді... Елдің болашағы үшін күресу керек", - деген Асия Төлесова өзгелерді пикетке шыққан азаматтарға қолдау білдіруге шақырды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір