• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:33:24
Алматы
+35°

26 Шілде, 2019 Оқиғалар

"Той арақсыз өтті": Қазақ қызы мен афро-америкалық жігіт қалай танысқан?

Той желі қолданушыларының ашу-ызасына тиген. Өз бақытын өзге ұлт өкілінен тапқан арудың есімі Айзада екендігі белгілі.

 

Әлеуметтік желілерде қазақстандық қыздың афро-америкалық жігітке ұзатылып жатқан видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.  Бұл тойды керекулік асаба Ермұрат Рамазанұлы жүргізіпті. 

Оның айтуынша, той Павлодар қаласында 21 шілдеде өткен. Ұзатуды қазақтың салт-дәстүрлеріне сай өткіздім дейді ол. Жігіт жақтан 3 адам келген. Құдаларының шыққан тегі сенегалдық, Франция елінің азаматтары екен.  "Кәдімгі қазақтың күйі, қобызы, сазсырнайының сүйемелдеуімен өтті. Құдалардың өзі қызығушылық танытып, естелікке суретке түстік", - дейді той асабасы. 

Асабаның айтуынша, Айзада Түркия елінде елшілікте біраз жыл еңбек еткен. Кейіннен оның қызмет орны ауысып, Ыстамбұлдың беделді мектептерінің біріне жұмысқа орналасқан. Ал күйеу жігіт сол мектепте бағдарламашы болып істеген. Сөйтіп екеуі сол жерде танысқан.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір