• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:18:42
Алматы
+35°

Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады. "23.14-де Алматы ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген. Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір