• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:28:08
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің "BNB Construction" ЖШС директоры Теміралинге қатысты жүргізген сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол тергеу ісінің материалдары бойынша, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев басқарған қылмыстық топ мүшелерінің қарамағындағы заңды тұлғалармен фиктивті шарт құру арқылы 2 млрд теңгеден астам соманы жымқырған.

Атырау қаласының №2 сотының 25 шілдедегі үкімі бойынша Теміралин 3 жыл және 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, ол коммерциялық ұйымдардағы басқарушы қызмет атқару құқығынан 3 жылға айырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір