• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:57:13
Алматы
+35°

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы –демографиялық жағынан халқы көп өңірдің бірі.  Мұнда мемлекеттік бағдарламалар толығымен орындалып, әлеуметтік жағынан аз қорғалған топқа барынша жағдай жасалуда. Соның бірі – мемлекеттен атаулы көмек алатындар. Бүгінгі таңда ауданда 202260 мыңна астам халық  тұрады. Ауданда көп балалы аналар көп. Соңғы дерек бойынша өңірде көп балалы аналар -13628-ге жетіп отыр. Оның ішінде 18 жасқа толмаған балалары бар аналар саны - 9807, отбасындағы балалар саны – 41799 екенін айта кеткен жөн. Бұл жағдайға қуануға болады, өңірде демографиялық тасқын жоғары. Сондықтан ең алдымен халықтың арасында әлеуметтің карта жасалды. Соның нәтижесінде 8268 көп аналардың, яғни 85 пайызы отбасындағы жиынтық табысы кедейшілік шегіне жетпейтін аз қамтамасыз етілген отбасылар екені анықталды. Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар саны – 5726 болып отыр.

Әлеуметтік картаның тиімділігі неде? Ең алдымен көп балалы аналардың санын анықтау. Осы жылдың сәуір айында 12276 отбасы, мамыр айында 8722 отбасы өтініштерін   тапсырған. Оның ішінде бір балалы аналар- 3860, екі балалы аналар - 3953, үш балалы аналар - 3871, төрт және одан да жоғары балалы аналардың  – 9205 болып шықты.

Ауылдық әкімшіліктер жанынан құрылған учаскелік комиссиялар сәуір айында өтініш тапсырған 12276 отбасының материалдық жағдайларын тексеріп, қорытынды шығарған, ал мамыр айындағы 3895 отбасыға мұқтаж деп қорытынды дайындалған, 585 мұқтаж емес отбасы, 4242 отбасы комиссияда қаралды.

      Ауданның халықты жұмыспен қамту орталығы мұқтаж отбасы 16171 отбасының 10478 отбасына осы жылдың сәуір айына, маусым айында 10 отбасыға қаржы тағайындады. Оның ішінде шартты түріне 7253 отбасы, шартсыз түріне 3235 отбасы қатысқан. Шартты түріне қатысқан 7253 отбасыларға әлеуметтік келсімшарт, жеке жоспары түзілді, отбасының еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері жұмыспен қамту шарасына қатысты.

     Шартты түріне қатысқан отбасыға 12 айға қаржы тағайындалды, шарттсыз түріне қатысқан отбасыға 6 айға қаржы тағайындалғанын айта кету қажет. Қазіргі таңда шартты түріне қатысқан отбасылар отбасының табысын арттырып, кедейшілік шегінен шығып, жеке жоспарына сәйкес ірі, ұсақ мал алып, жеке кәсібін ашуда.

 Қаржы тағайындалған отбасылардың арасында басқа этностың өкілдері де бар. Атап айтар болсақ,  әзірбайжан - 28, тәжік-105, өзбек-37,  тағы басқа диаспора өкілдерінен – 29 отбасы бар.

 Бір айта кетерлігі, осы жылдың мамыр айында өтініш тапсырған 8722 отбасының 60 пайызы көп балалы мұғалім, дәрігер, әскери қызметшілер,бала бақшадағы тәрбиешілер, медбикелер болып отыр

Кейінгі кезде аудан шекаралас аймақ болғандықтан сауда -саттықпен айналысуға, егін шаруашылығын жүргізу қолайлы болуына және аудандағы инфрақұрылым 80 пайызға қалыптасқандықтан басқа ауданнан, облыстан, қоныс аударушылар және де шетелден қоныс аударған оралмандар саны көбеюде. Статистикалық есеп бойынша 2017-2018 жылы 43606 азамат ауданға тұрақты  тіркеліп, 2057 тіркеуден шыққан, 6513 уақытша тіркелген, яғни халықтың өсу тенденциясы жоғары болып отыр. Оның ішінде көп балалы аналардың үштен бір бөлігі шекаралас Жібек жолы, Қабланбек ауылдарында саудамен айналысады.. Көктерек кентіндегі Сарыағаш шипажайларында тұрақты жұмыспен қамтылғандар. Жылдан жылға туылым жоғарылап, 8500-9000 бала дүниеге келуде. Жылына шамамен 3000 бала мектеп бітіреді,  білім ордасының табалдырығын  6500-7000 оқушы аттайды.  

Көп балалы аналарға жасалынып жатқан бағдарламаға сай,  халыққа жаңа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. Көп балалы аналар, аз қамтамамсыз етілген отбасылар тарапынан негізгі қойылатын сұрақтар бойынша әдістемелік 1230 кітапшалар дайындалып, тарқатылды.

Ауданда жүргізілген әлеуметтік картаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қатысатын көп балалы және аз қамтамасыз етілген 6162 анаға қажетті 3,5 млр қаржы республикалық бюджеттен қарастырылды және де қосымша 8,246 млн теңге қаржының қажеттілігі туралы хат ұсынылды. Жалпы қаржы тағайындалған 10478 отбасының 2019 жылдың маусым-желтоқсан айларына қаржысын төлеу үшін 8246,0 млн теңге қажет.

    Бұл әрине көп балалы аналарға қатысты істелініп жатқан жұмыстар. Ал халықты еңбекпен қамту үшін аудан әкіәмшілігі жүйфелі жұмыстар жүргізуде. 2019 жылы Сарыағаш ауданы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6794 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып отыр. Алғашқы 5 айда өтінім берген 205 жұмыс берушіге 2005 азамат бағдарламаға қатысып, 5 айдың жоспары 100 пайызға орындалды.

Рас, Сарыағаш ауданында қазіргі уақытта жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жұмыссыз адамдарды кәсіпке  баулу қатар жүруде. 2019 жылға қысқа мерзімді кәсіби оқуға сұранысқа ие мамандыққа ауданның 163 жұмыс берушілер 16 мамандыққа өтінім берген. Өтінімге сәйкес 2019 жылы 3 ай мерзімге 453 азаматты оқыту жоспарланып, республикалық бюджеттен жеткілікті тиісті қаражат бөлінді. Бұдан басқа техникалық және кәсіптік білім беру саласында ауданға қажетті 22 мамандық бойынша 645 азаматқа мемлекеттік тапсырыс  6 оқу орындар  берілген. Аталған мамандықтардың тізімінде жиырмадан астам, атап айтқанда, тігінші, аспаздан бастап,, газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесаріне дейін бар.

Сондай-ақ жұмыспен қамту бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту қолға алынуда. 2019 жылға  80 азаматты «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерінде оқыту жоспарланып отыр. 2019 жылдың 5 айында әзірге  44 азамат оқу курсында болды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды 139 азаматқа беру жоспарланған. 2019 жылдың 5 айында 6 азаматқа шағын несие алуға жолдама берілді. Оның ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай  қолдау қорына 2 азамат,  «Ырыс»  қаржылай қолдау қорына 6 азамат бар.

Үшінші бағыт бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарынав жұмыспен қамту басты мақсат етіліп отыр. Осыған орай 2019 жылы бос және жаңа жұмыс орындарына 4656 азаматты жолдау жоспарда тұр. 2019 жылдың 5 айында бос жұмыс орындары туралы сұраныс хат берген 48 жұмыс берушіге, 890 азамат жұмысқа жолданып, 5 айлық жоспар 100 орындалды. Оның ішінде: 793 азамат бос жұмыс орындарына, ал 97 азамат жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

 Осы жерде айта кететін бір жайт,  2019 жылдың 5 айында электронды үкімет бойынша 236 жұмыспен қамтылды. Оның ішінде электронды үкімет арқылы 8 азамат, «Еңбек» порталы арқылы 228 адам жұмысқа орналасты.

Қазіргі уақытта Сарыағаш аудандық әкімшілігі мен жұмыспен қамту бөлімі президент Тоқаевтың тапсырмаларын тиянақты олрындауда. Бұл орайда аудан әкімі Қайрат Әбдуалиевтың басшылығымен өңірде көп жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Президенттік сайлауға бір кісідей қатысқан сарыағаштық тұрғындар ақиқатын айтқанда, аудан әкімі  Қайрат Аманкелдіұлы Әбдуалиевке риза. Өйткені жергілікті жерде Президент тапсырмалары орындалып жатыр. Кез келген жұмыста нәтиже бар. Көп балалы аналардың мәселелері біртіндеп шешілуде. Атаулы көмек алатындар қайта анықталды. Кәсіпкерлікті терең меңгерген халық бәрі еңбекпен келетінін түсініп қалды.

Қайрат Аманкелдіұлы қазіргі уақытта халықтың жағдайын бұдан ары жақсартуға бар күшін салуда. Президент Тоқаевтың тапсырмалары орындалуда. Мемлекеттік бағдарламалар да өз жемісін беруде. Қарамағындаларға жұмысты жауапкершілікпен қарауды тапсырып, оның нәтижесіне қарайтын әкім қашан да қарашаның жағдайын ойлайды.  Ал халықтың жағдайының жақсарғаны әкімнің жұмысының нәтижесі. Сондықтан іскер де тәжірибелі басшы аймақта атқарылып жатқан әр істі бақылауда ұстайды. Өйткені жұмыстың, кез келген жобаның уақытылы дер кезінде атқарылғаны керек. Бұл орайда аудан басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің жұмысында толыққанды нәтиже бар деп айтуға болады. «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» Аудан басшысына ел айтқан,  алғысын білдірген ризашылықтың бір парасы да осы...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір