• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:36:12
Алматы
+35°

29 Шілде, 2019 NEWS

Жол салуға бөлінген 552 миллион теңгені "қалтасына басқандар" ұсталды

Бұл жолға бюджеттен ақша "Нұрлы-Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген

 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" Маңғыстау облыстық филиалының басшысы "Альянс-ИКО" ЖШС директорының орынбасары және бас инженерімен ауыз жаласып, бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің дерегі бойынша, олар Өзбекстанмен шекаралас аумақта салынған республикалық маңыздағы "Бейнеу-Ақжігіт" жолын салуда жалған актілер толтырып, бюжеттің 552 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұл жолға бюджеттен ақша "Нұрлы-Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген. Тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір