• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:09:16
+35°

29 Шілде, 2019 NEWS

Балаларға дәрі-дәрмек тегін берілмек. Қашан?

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің ішкерілендірілуі арқасында балаларға арналған дәрі-дәрмектер тегін болмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Келесі жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен балаларға бекітілген дәрі-дәрмектер тегін болады. Біз әрі қарай тегін дәрі-дәрмек берілетін азаматтардың тізімін кеңейте түспекпіз", - деді министр.

Елжан Біртановтың айтуынша, рецепт арқылы бекітілетін дәрілердің жалпы нарықтық құны – 300 миллиард теңге. Осы көрсеткіштің үштен бірі ғана мемлекет есебінен төленеді.

"Мемлекет келесі бағыттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпек: балалар ауруы, онкологиялық аурулар, туберкулез және психиатрия. Келесі жылдан басталатын бұл жеңілдікті қазір қолда бар қаржы арқылы екі жыл қамтамасыз ете аламыз", - деді Біртанов.

Сондай-ақ, министр қазіргі уақытта азаматтардың электронды медициналық картасы іске қосылып жатқаны туралы айтты. Оның айтуынша, азаматтар электронды медициналық карта арқылы өздерінің осы уақытқа дейін қайда емделгенін және қандай дәрілер қабылдағанын біле алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір