• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:19:48
Алматы
+35°

29 Шілде, 2019 NEWS

Сотталушыларды азаптаған колония басшылары жұмыстан босатылды

Алматы облысы бойынша ҚАЖК департаментінің 14 қызметкері жазаланды. Оның ішінде жеті қызметкер жұмыстан босатылды. Оқиға болған ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылды. Оның екі орынбасары да жұмыстан босатылды

Алматы облысында сотталушыларды азаптау ісі бойынша колония басшысылары жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚАЖ Комитеті қызметтік тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде біз тәртіптік комиссия отырысын өткіздік. Алматы облысы бойынша ҚАЖК департаментінің 14 қызметкері жазаланды. Оның ішінде жеті қызметкер жұмыстан босатылды. Оқиға болған ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылды. Оның екі орынбасары да жұмыстан босатылды", - деді арнайы баспасөз конференциясында.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жантүршіктірерлік бейнежазбалар пайда болған-ды. Бейнежазбадан колония қызметкерлері сотталушыларды спортзалда азаптап жатқанын анық көруге болады. Тағы бір видеода әскери форма киген қызметкерлер ер адамды іліп қойғаны түсірілген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір