• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:48:43
Алматы
+35°

30 Шілде, 2019 NEWS

Тоқаев "Бақытты отбасы" бағдарламасын жалғастыруды тапсырды. Кім баспаналы болады?

Баспана мәселесі - әлеуметтік ахуалы төмен бұқараның күн тәртібіндегі мәселесі, бас қайғысы.

Мемлекет басшысы "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы, үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыс нәтижесі туралы, әрі қарай жүзеге асуы тиіс жоспарлар жайлы ақпарат алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айт кету керек, бұл мәселелер туралы президентке "Бәйтерек" холдингінің "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" бағдарламаларын қаржыландыру туралы отырыста айтылған. Қасым-Жомарт Кемелұлы холдинг басшылығына әлеуметтік ахуалы төмен халыққа арнап, сапалы үйлер салуды тапсырды.

Мемлекет басшысы "Бақытты отбасы" бағдарламасының өз деңгейінде жүзеге асырылуына аса мән беру қажеттігін айтып, бұл жоспар холдингтің бетке ұстар көрсеткіші болатынын ескертті.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір