• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:40:26
Алматы
+35°

30 Шілде, 2019 NEWS

#Abai175 челленджі: Ақынның портретімен шаш үлгісі жасалды

Алматылық 6-сынып оқушысы Әлихан Ерболат ұлы ақын Абай Құнанбаевтың портреті бар шаш үлгісін жасаған. Бүгінде Әлиханның шаш үлгісі әлеуметтік желіде кеңінен тарап, талқылануда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шаш үлгісін жасаған шаштараз ақын портретін салуға бүгінде елімізде кеңінен таралып жатқан #Abai175 челленджі себеп болған.

"Қазақстан бойынша әлеуметтік желілер арқылы Абай Құнанбаевтың өлеңін оқу челленджі кеңінен тарауда. Мен негізі, әлеуметтік желідегі мұндай байқау, жарыстарға мән бере қоймайтынмын. Дегенмен, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайбергеннің ақын өлеңінен үзінді оқығаны ерекше әсер қалдырды. Содан бұл эстафетаны өз бетімше кәсібіммен байланыстырсам деген идея келді" дейді ол.

Абайдың бейнесін шашына салуға келіскен оқушының анасымен бұл оқиға күтпеген жерден болды дейді.

"Instagram парақшасы арқылы шаш алдыратын модельдер керек деген хабарландыруды оқып, сол бойынша хабарластық. Бірақ бізге Абай Құнанбаевтың портретін салатынын айтқан жоқ. Жай ғана «келіңіз!» деді. Абайдың суретін салатынын балам барған соң ғана біліпті. Әрине, қарсы болмаған. Өзіміз баламыздың ерекше шаш үлгісі туралы үйге келген соң ғана білдік. Жеке тұлғалардың портреті бейнеленген шаш үлгісі жиі кездесе бермейтін болған соң, көп адамдар қызық көріп қарап, кейбір адамдар баламмен өздері келіп амандасып жатады",  деді Әлиханның анасы Ақбота Балжанова.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір