• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:13:20
Алматы
+35°

30 Шілде, 2019 Тағайындау

Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының Мәдениет басқармасына басшы болып келгелі Болат Бауыржанұлы мәдениеттің шын жанашыры екенін дәлелдеп, келелі істердің басы-қасында жүрді, талай игі бастамалардың іске асуына мұрындық болды.

Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов  ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Елорда мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Болат Бауыржанұлына зор алғысымызды білдіреміз.
Жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз!", - делінген Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрынының Facebook парақшасында.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір