• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:23:47
Алматы
+35°

30 Шілде, 2019 NEWS

Нұрсұлтан Назарбаев №001 медалімен марапатталды

Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ұлт көшбасшысын марапаттауға шешім қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін марапат алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мәліметінше, жоғары кәсіподақ марапатын құру туралы шешімді Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы орталық комитетінің президиумы қабылдаған.  

"Кәсіподақ қозғалысын дамытуға, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және сақтауға, мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподағын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін және кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің "Кәсіподақ қайраткері" №001 медалімен марапаттау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

Кәсіподақ марапаты Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековке тапсырылды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір