• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:29:09
Алматы
+35°

25 Шілде, 2019 Маңғыстау облысы

Құрамына жаңа вагондар енген Алматы-Маңғыстау пойызы бүгін Маңғыстауға табан тіреді

3000 шақырым жолды еңсеретін жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңының жүрмелі брифингінде №377-378 Алматы-Маңғыстау пойызының бастығы Бақытбек Ырзабаев мәлімдеді.

«Қазақстан Темір Жолы» заманауи технологиямен құрастырылған жаңа плацкарт вагондарды «Алматы-Маңғыстау» бағытында жүретін пойыздарға қосты. Шілденің 22-жұлдызында Алатау бөктерінен бет алған жүрдек пойыз бүгін Маңғыстауға келіп тоқтады. 54 жатын орны бар жаңа вагондарда тұрғындардың жайлылығымен қоса қауіпсіздігі үшін де қолайлы жағы қарастырылған. Атап айтқанда, салқындатқыш, ауа тазартатын сүзгі, тоңазытқыш  сондай-ақ өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар, кейінгі үлгідегі бақылау камералары, екі био әжетхана, ұялы телефон қуаттағыштар мен таза сулар да  қол жетімді. Бұрын тозығы жеткен вагондармен жол жүру біраз қиындық тудырған болса, бүгінде тұрғындар жаңалықты естіп қуануда.

«Алматы-Маңғыстау бағытында жүретін пойыздарға әзірге 25 жаңа плацкарт вагон бөлінді.  Бүгін келген №377-378  пойызына 9 плацкарт вагон тіркелсе, осы бағыттағы тағы екі құрамға 8 вагон жалғанады. Халықтың көңілінен шығуда. Бұрын пойыз тоқтаған  станцияларда әжетханалар жабылып, жолаушыларға ыңғайсыздық туғызса, жаңа вагондарда барлығы автоматтандырылған. Күн қанша ыстық болса да, салқындатқыш арқылы бір температураны қойып жайлылық орнатуға мүмкіндік бар», - дейді вагон жолсерігі Айболат Жайлаубайұлы.

Әлеуметтік маңызы бар бағыт болған соң арнайы «Алматы-Маңғыстау» пойызына тіркелген вагондар, Ресей технологиясымен отандық «Тұлпар Тальго» зауытында құрастырылған. Мамандардың айтуынша, жаңа вагондардың бір ерекшелігі қыс мезгілінде вагон ішінде жылыту жұмыстары үшін жағдай қолайлы. Жылу тарататын құрылғы ішіне бұрынғыдай су емес, тосол құйылады, ол жоғары температура кезінде қатып қалмайды екен. Алдағы уақытта барлық вагондар осылай жаңартылады деген жоспар бар.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір