• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:57:13
Алматы
+35°

 

Мемлекеттегі қылмыстық істер мен жол-көлік оқиғаларын бақылауда қстап олардың санының азайуына өз септігін тигізетін бірініші кезекте полиция қызметкерлері. Сондықтан, аталған сала қызметкерлерін арнайы құрылғылармен, қызметтік көліктермен қамтамасыз еткен абзал. Бұл – бірінші кезекте қылмыс санының кемуіне өз септігін тигізеді.

Осы тұрғыда Жамбыл облысының әкімдігі әрдайым дұрыс бағытта жұмыс жасап жүр. Мәселен, Тараз қаласының орталық «Достық» алаңында Жамбыл облыстық полиция департаментінің аудандық учаскелік инспекторларына 131 су жаңа қызметтік автокөліктің кілті салтанатты түрде берілді.  

Аталаға салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров қатысып, полиция өкілдеріне су жаңа қызметтік көліктердің кілтін өз қолымен табыстады.

Өз кезегінде су жаңа қызметтік көліктерге ие болған полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.

«Жергілікті атқарушы орган тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтауға бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді және ол оң нәтижесін беріп жатыр. Мәселен, біздің облыста биыл тіркелген қылмыс саны 9,2 пайызға төмендеді. Дегенмен, жол-көлік оқиғаларының 10 пайызға өсуі бізді қатты алаңдатады. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау - қылмыстың санын азайтуға, жол-көлік оқиғаларын шектеуге өз септігін тигізеді деп ойлаймыз»,- деді облыс әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы кілтті табыстау барысында.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен облыстық полиция департаментін қаржыландыруға 19 миллиард теңге қаражат бөлінсе, биыл облыстық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі - 9,2 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық полиция департаментін материалдық-техникалық жабдықтау, оның ішінде автокөлік құралдарын сатып алу үшін облыстық бюджеттен 486 миллион теңге қарастырылған.

«Жкергілікті атқарушы орган пайдалануға берген су жаңа 131 қызметтік автокөліктің 115-і - «Нива», ал қалған 16-сы – «УАЗ» маркалы көліктер. Осы берілген көліктер есебінен облыстағы 10 ауданның жетеуінің қажеттілігі толығымен өтелмек. Жоспар сәйкес, келер жылы облыс бойынша полицияның барлық қажеттілігі қамтамасыз етіледі»,-дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір