• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:54:02
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 Маңғыстау облысы

Ақтау - Маңғыстаудың айнасы

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша шаһар әкімі Ғалымжан Ниязовтың есебін тыңдады.

Қала әкімі 2019 жылдың қаңтар-мамыр айында жүргізілген жұмыстарға тоқталып, осы уақыт аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 17,44 млрд. теңгені құрағанын мәлімдеді. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін әлі де ұлғайту үшін жұмыстар жүргізілуде.

Ал жалпы ауданы 278,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. «7-20-25 ипотекалық» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 410 өтінім мақұлданған. Сонымен қатар, жиын барысында көпқабатты үйлердегі лифтілердің мәселесі көтерілді. Стандартқа сәйкес, лифтілердің жұмыс жасау мерзімі 25 жыл болса, бүгінгі таңда екі лифтілік үйлердің бір лифтілері ғана ауыстырылған. Қауіпсіздік үшін кейбірін шұғыл түрде жөндеп немесе ауыстыруды талап етеді. Осы тұста Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов істен шыққан лифтілерді ауыстыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетінін атап өтті.

Кеңес кезінде аймақ басшысы кеңінен тоқталған тағы бір мәселе қаладағы құрылыс жұмыстары. Яғни, жаңадан бой көтеретін ғимараттарда заңға сәйкес болу, сәулетіне назар аударып, инфрақұрылым жағын бірінші ретте қолғалу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ол Ғалымжан Ниязовқа бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтар болсақ, бюджет қаражатын үнемдеу және тиімді пайдалану, қала тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, қоғаммен ашық байланыс орнату мақсатында азаматтардың өтініштерін уақытылы қабылдау әрі тұрғындармен тұрақты түрде кездесетін шараларды жиі өткізуді ескертті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір