• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:36:48
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 Маңғыстау облысы

Маңғыстауда "Бақытты отбасы" жобасы ойдағыдай атқарылуда

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың қатысуымен аппарат жиыны өтті.

Басқосуда халықтың әл-ауқат деңгейін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Бүгіннен, яғни 1-шілдеден бастап облыстағы 47 мың бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артты. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 6 млрд.теңге бөлінген.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» жобасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларына 100 мың теңге мөлшерінде бір жолғы көмек төленіп бастады. Бұл жоба жыл соңына дейін жалғасын таппақ. Сондай-ақ, 20 мыңнан астам көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүрумен қамтамасыз етілді.

Өңірде аз қамтылған отбасыларынан шыққан мүгедек балалар үшін оңалту шараларының 2-ші курсын төлеу қарастырылып, оған бюджеттен 50 млн.теңге қаржы жоспарланған. Сонымен қатар, мүгедек балалар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы республикалық клиникаларға авиа көлігімен жол ақысын төлеу қарастырылған. Бүгінгі таңда 51 балаға төлем жүргізілді. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы топтар ашу жоспарланып отыр.

Жиын барысында өңірдегі санитарлық-эпидемиялогиялық жағдай туралы да сөз қозғалды. Айта кетейік, Маңғыстау облысының аумағында 2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша аса қауіпті және карантинді инфекциялар тіркелмеген. Аймақ басшысы осы тарапта өңірдегі тазалықты жіті қадағалауды тапсырды.

Шомылу маусымы ашылғалы бері облыста бірнеше жағдай орын алған болатын. Алдағы уақытта осы мәселелерді болдырмау, халықтың қауіпсіздігін нығайту мақсатында өңір басшысы Серікбай Өтелгенұлы тұрғындар көп жиналатын орындарға құтқарушы топтардың кезекшілікпен қызмет етуін тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір