• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:03:00
Алматы
+35°

31 Шілде, 2019 NEWS

Мас күйінде көлік айдаған әкімге қатаң сөгіс жарияланды: Тұз сасыса не себеміз?

Қызметтік көлікті мас күйінде тізгіндеген әкімді жол полициясы ұстаған.

 

Батыс Қазақстан облысы, Бурлинский ауданына қарасты Александровка ауылының әкімі Ганжа Тұрғаналиев қызметтік көлігімен мас күйінде жүргені үшін қатаң сөгіс алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

30-шілде күні облыстық мәслихат ғимаратында БҚО мемлекеттік қызметтері бойынша кезекті Этика кеңесінің отырысы өтті. Аталған жиында ауыл әкіміне қатысты іс талқыға салынды.

4-мамыр күні сағат түнгі 00:20 шамасында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік тізгіндеп келе жатқан Ганжа Тұрғаналиевті тоқтатқан.

Ал ауыл әкімі отырыста өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

«Құрметті төрағалар және комиссия мүшелері, мен өз кінәмді мойындаймын, бұл факт өтірік емес. Тек мен алкагольді ішімдікті 2-мамыр күні жұмыстан тыс уақытта ішкенімді жеткізгім келеді. Ал 3-мамыр күні толық жұмыста болдым. Түстен кейін Ақсай қаласына бара жатқанда көлік бұзылды. Сағат 6 шамасында жүргізуші үйіне қайтып кетті. Мен көлікті өзім жөндедім. Сағат түнгі 11 шамасында жолға шықтым. Сол жерде полиция тоқтатты. Сараптама барысында мендегі ішімдік көрсеткіші 0,87 промиль көрсетті. Ал 0,5 промиль – көлік тізгіндеуге рұқсат беретін көрсеткіш. Менде көптеу болды. Кінәмді мойындаймын», - деді Тұрғаналиев.

 Айта кету керек, әкім мемлекеттік қызметте 21 жыл тәжірибесі бар азамат. Ал Александровка ауылының әкімі қызметін 2018 жылдың қазанынан бастап атқарып келеді.

Этикалық кеңес төрағасы Болат Исаков әкімнен 2-мамыр күні қанша ішкенін сұрады.

«Демек, 3-мамыр күні сіз жұмыста мас күйіңізде болдыңыз ба?» - деп сұрады Исаков.

Ал Тұрғаналиев өзінің сау екенін, тек ішімдіктің иісі шығып тұрғанын айтты.

Аталған әрекетіне Тұрғаналиев қатаң сөгіс алып, көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір