• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:32:43
Алматы
+35°

31 Шілде, 2019 NEWS

Президент Трамптың ұлына тұлпар тарту етті

АҚШ президенті Дональд Трамптың 13 жастағы ұлы Бэрронға тұлпар тарту етті

Моғолстан президенті Халтмагийн Баттулга АҚШ президенті Дональд Трамптың 13 жастағы ұлы Бэрронға тұлпар тарту етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі CA-NEWS сайтына сілтеме жасап.

Жылқы моңғол мәдениетінде өте ерекше орын алады. Бұл ер балаларға берілетін дәстүрлі сыйлық. Ең қымбат әрі сұраныста болған және болатын да сыйлықтың төресі тұлпар болып қалмақ. 

Бэррон — Дональд Трамптың үшінші некедегі әйелі Мелании Трамптан тараған жалғыз ұлы.

Қазіргі уақытта Моңғолия Президенті Америка Құрама Штаттарында мемлекеттік сапармен жүр. Ол өкілдік делегацияны басқарады. Делегация құрамының ішінде сыртқы істер министрлігінің басшысы Дамдина Цогтбаатар, парламенттік комитеттің төрағасы Дуламсуренгин Оюунхорол, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Амаржарғалын Гансух және президент әкімшілігінің басшысы Зандаахужин Энхболд бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір