• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:06:07
Алматы
+35°

31 Шілде, 2019 NEWS

Қазақстандықтар қандай көлікпен жүреді?

Көлік тізгіндеп жүргендердің басым көпшілігінің қалтасы құны 5 миллион теңгеден асатын автомобильдерді алуға жетпейді.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысына сенсек, елде 310,2 мың жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,8 пайызға аз. Аталған деректерді kazautoprom.kz сайты келтіреді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Көліктердің басым көпшілігіне, яғни 63,9 пайызына зауыттан шыққанына он жылдан асқан. 7-10 жыл аралығындағылар 7,2%, 3-7 жыл аралығындағылар 16%-ды құрайды. Отандық автопарктегі 3 «жасқа» дейінгі жаңа көліктердің үлесі 10,2%.

Сатып алынған көліктердің орташа бағасы 8,8 млн теңге құрап, бір жылда автокөлік құны 6 пайызға қымбаттағанын көрсетіп отыр. Отандық көліктердің орташа бағасы 6,6 млн теңге, шетелдікдің бағасы 10,9 млн теңге құраған.

Қазақстандықтардың 29,3 пайызы бағасы 5 млн теңгеге дейінгі «темір тұлпарларды» сатып алған. 5-7 млн теңге аралығындағы көліктерді тізгіндегендердің үлесі 19 пайыз. Сатып алушылардың 13,9 пайызы 7-10 млн теңгелік көліктерді құп көрген. Құны 10-15 млн теңге болатын бизнес-класстағы көліктер 26,9 пайыз, 15 млн теңгеден жоғары премиум-класстағы көліктер үлесі 10,9 пайыз шамасында.

Қолжетімді автомобильдердің ондығын отандық автопарктің өнімдері құрайды. Ең арзан жаңа көліктер тізімінде Өскеменде өндірілетін Lada Granta көш бастап тұр. Бағасы – 3,1 млн теңге. Одан кейін Chevrolet Niva (3,4 млн тг), Lada 4×4 (3,6 млн тг), Ravon Nexia (3,8 млн тг), Renault Logan (4,1 млн тг), Lifan X50 (4,11 млн тг), Lifan Solano II (4,2 млн тг), Lada Largus (4,3 млн тг), Ravon R4 (4,8 млн тг) және Lifan X60 (5,2 млн тг) жайғасқан.

Ең қымбат үлгілер рейтингінде Porsche 911 Turbo (61,8 млн тг), BMW i8 (60,9 млн тг), Mercedes-Benz G-klass (52 млн тг), Porsche Panamera (51,8 млн тг) және BMW 8 серия (50 млн тг) бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автокөлік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір