• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:47:06
Алматы
+35°

31 Шілде, 2019 NEWS

Арыстағы құрылыс қарқыны

Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда.

Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда, – деп хабарлад Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 құрылысшы қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көп қабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр.

Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір