• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:27:05
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

«Байғұс қазақ, күңкілден аса алмай қалып қоясың ба деп қорқамын...»

Осы фотоға көзім түскен сайын ойым сан саққа жүгіріп кетеді.

Қазақ қызының қара нәсілді азаматқа ұзатылып жатқан сәтінен түсірілген сурет әлеуметтік желіде қызу талқыға түскені белгілі. Олжас Әбіл атты азамат өзінің фейсбуктағы парақшасында бұндай құбылыстар халқымыздың енжарлығынан деген ойда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл фотодағы бер жақтағы екі қара жұпқа айтар сөзім жоқ. Оларға айтылмаған сөз қалмаған шығар. Менің айтайын дегенім, осы екеуінің ар жағында қол жайып тұрғандар туралы бірер сөз.

Бұлар қыздың ағайындары болуы керек... Қол жайып, бата қайырып тұр... Мына жерде дым болмағандай... Бірақ мен білсем, осылардың өздері-ақ пыш-пыш... Той біткенше пыш-пыш сөз етеді, біткеннен соң үйде де сол... Ол енді солай бізде... Өздері-ақ өсектеп болады. Күңк-күңк, пыш-пыш... "Ибәй негір күйеу бала...",..."Сәтіш апымдар масқара болды", "Бөкеш көкем сыр бермейді ғойе, бірақ іштей, қайтсін енді...","ұят иә?," айтпа"... Пыш-пыш сөз, сырттай өсек...

Мысалы, таулы кавказда осындай сурет болуы мүмкін бе еді деп те ойлаймын... Бір қисық мұрт қанжарын асынып.... "қызымды, я қарындасымды зәңгіге бергенше мен оны..." деп..... Олар бетке былш еткізеді, көзінше қол жайып, сырттай өсектеу жоқ-ау соларда...

Мені де, кавказдықты да жабайы дейсіз бе, өзіңіз білесіз, бірақ ол ана халықтарда солай енді. Байғұс қазақ, тұрмыста да, саясатта да, басқа біраз жерлерде де осылай пыш-пыштап күңкілден аса алмай қалып қоясың ба деп қорқамын...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір