• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
15 Қыркүйек, 11:38:04
Арыстағы әскери қоймада тағы жарылыс болды

12 Шілде, 2019 Алматы облысы

Алматы облысының табиғат қорғау полициясы бір тәулік ішінде бірқатар құқық бұзушылықты әшкереледі

Алматы облысының тәртіп сақшылары арнайы іс-шара барысында атуға тыйым салынған бұғы аңын атып алу дерегін анықтады.

«Кеген ауданына қарасты «Екіаша» жайлауында 39 жастағы ауыл тұрғынының УАЗ автокөлігінен жабайы аңның еті мен терісі табылды. Күдіктінің айтуынша, ол бұғының еті, мүйізі мен терісі екені белгілі болды. Аңның еті, мүйізі мен терісі тәркіленіп, сараптамаға жолданды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД Табиғат қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов. ет

Сонымен қатар, Ескелді ауданының полицейлері де табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзған жергілікті тұрғынның ісін әшкере қылды. Жоғалу қаупі төнген өсімдіктерді жинады деген күдікке ілінген 38 жастағы тұрғынның үйінен жалпы салмағы 32 килограмм болатын «пиау» тамыры табылып, тәркіленді. Тергеу барысында қызыл кітапқа енгізілген тамырды ол «Мыңбұлақ» атты таудан емдік мақсатта пайдалану үшін қазып алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама қорйтындысына сәйкес мемлекетке келтірілген материалдық шығындар анықталатын болады. Күдікті тұлғалар тергеу барысында мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. ет

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, Балқаш ауданының тәртіп сақшылары табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, бір тәулік ішінде заңсыз балық аулаудың екі дерегін анықтаған. Қарағанды облысының 26 және 29 жастағы екі тұрғынынан пластикалық қайық, тиісті қозғалтқыш моторлар, 500 метрлік балық аулары және 150 килограмға жуық балық тәркіленді. Екі дерек бойынша мемлекетке 1 миллион 300 мыңнан астам материалдық шығын келтірілгені анықталды.

«2019 жылдың І жартыжылдығы ішінде облыста полицейлер табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 749 дерегі әшкерелеп, оның                      257 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Әкімшілік хаттама толтырылған 492 тұлғаға 3 456 350 теңге айыппұл салды»,- деп толықтырды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. ет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір