• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:20:36
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2019 NEWS

Лагерьге демалуға келген балаларды тәлімгер азғындыққа итермелеген (видео)

Астаналық студент Ақтөбеде балаларды азғындыққа итермеледі деп айыпталуда

Ақтөбедегі балалар лагерьлерінің бірінен шу шықты. Демалуға келген жеті жеткіншектің ата-анасы тәртіп сақшыларына сондағы тәлімгердің азғындыққа барғанын айтып, шағымданған. Олардың сөзінше, 22 жастағы жігіт ұлдардың ұятты жерінен ұстап, тиісетін көрінеді. Демалыс орнының басшылары болса, оның мұндай қылығын байқамадық деп отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе іргесіндегі «Ақбөбек» лагеріне демалуға кеткен ұлының қорлық көргенін естіген мына ана шалғайдағы ауылдан шұғыл жетіпті. 22 жастағы тәлімгердің ұятты қылығын баласы жылап тұрып жайып салған.

"Ол бізбен бірге душқа кіріп, өзінің мүшесін көрсетті. Басқалардың мүшесін ұстады. Түнде ұйықтап жатқанда келеді де, басқа балалардың төмен жерін қысады. Сосын олар оянып кетеді. Ол бізді боқтады.",- дейді лагерьдегі бала.

Тәлімгердің азғындығын айтып сондағы жеті ұлдың ата-анасы тәртіп сақшыларына шағым түсіріпті. Барлығы дерлік балаларын демалыс орнынан бірден алып кеткен.

"Сонда ол маньяк қой, анауың тұрғанымен. Балаға тиіскен. 22 жаста, өзі әлі бала, мысалы. Балаларға тиіскен, төменгі жақтарын ұстаған. Өзінің төменгі жағын көрсеткен. Дені дұрыс адам сөйте ме?",- дейді ашынған ана.

Ал лагерь басшыларының өздері бұл оқиғаға сенер емес. Себебі демалыс орнының барлық жеріне бейнекамера орнатылған көрінеді. Тәлімгердің ерсі қылығын байқамадық деп отыр.

Шамшырақ Сайлагиева, «Ақбөбек» ЖШС директорының орынбасары:

"Палаталар болсын, асхана болсын, душ болсын, барлық жерде бейнекамералар бар. Ол камералар тәулік бойы істейді. Тәулік бойы күзет қызметі бар. Сондықтан ондай оқиға болуы мүмкін емес.",- деді.

22 жастағы тәлімгер елордалық университеттердің бірінде оқиды екен. Оны бірден лагерьдегі жұмысынан шығарып жіберіпті. Қазір тергеліп жатыр.

Жасұлан Дәулембаев, Алматы ауданының прокуроры:

"Қылмыстық іс жас балаларды азғындық жолға түсіру бойынша, яғни Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша қозғалды. Қазір істің мән-жайы анықталуда.",- деді.

Қазір бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшыларының тергеуінен бөлек, облыстық білім басқармасы комиссия құрған. Ондағылар лагерьдегі тәрбиешілер мен тәлімгерлердің біліктілігін де тексеретін болады. Ал «Ақбөбек» лагері жұмыс істеп тұр. Ондағылар кезекті маусымды ашуға дайындық үстінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір