• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:08:23
Алматы
+12°

01 Тамыз, 2019 Дәстүр

Атадан қалған кәсіп: Ұлттық киім қалай тігіледі?

Бүгінгі күні де ата-баба дәстүрі жаңғырып, ұлттық киім өндірісі өзіндік жалғасын тауып келеді.

Әр халықтың болмысын аша түсетін, сөзсіз жараса кететін киім болса, ол әлбетте, сол елдің ұлттық киімі. Тек Қазақстанда ғана емес әлемнің барлық елдерінде мемлекеттің ұлттық құндылықтарына деген сұраныс артып келеді. Өзгелерді әлемдік брендтермен таң қалдыра қою екіталай. Ал ұлттық нақыштағы киімдер әрқашан сәнде.

Ата-бабамыз киім тігу барысына аса қатты көңіл бөлген. Әр киімді киюдің өзіндік әдебі қалыптасқан. Тіпті киімге салынатын ою-өрнекке дейін жіті қадағалап, әр қайсысының мағынасына терең үңілген. Ұлттық киімнің түрлерін дайындауда көшпелі қазақ халқы төрт түлiк малдың жүнi мен терiсiн пайдаланған. Жүндi иiрiп, мал терісін илеп күнделікті киетін киімдерін дайындаған. Бүгінгі күні де ата-баба дәстүрі жаңғырып, ұлттық киім өндірісі өзіндік жалғасын тауып келеді.

Қазақтың ұлттық киімі дегенде көз алдымызға оюлы шапан, зерлі камзол, саптама етік киген, сәні мен сымбаты жарасқан ата-апаларымыздың түр-сипаты келеді.

Шебердің инесі де, күймесі де – алтын демекші тапсырыс берушінің талғамына сай келетін ұлттық киімнің қалай дайындалатынын білгіңіз келсе Qamshy.kz ақпарат агенттігі дайындаған материалға назар аударыңыз.

«Әлбетте, ұлттық киімді дайындау барысы бірнеше кезеңнен өтеді», - дейді Abyroikz.kz тігін шеберханасының дизайнері Мируана Аққас.

Өзінің жеке талғамы бойынша тапсырыс бергісі келген адам, ең алдымен тікелей дизайнермен жұмыс істейді. Өзінің қалауын жеткізіп, қандай мақсатта киетінін айтады. Дизайнер тапсырыс берушінің көкейіндегіні дөп басу үшін киім үлгісін алдымен қағаз бетіне түсіреді. Дайын болған үлгіге жан бітіру үшін мата мен өнімді таңдау жұмыстары басталады.

Abyroikz.kz

Кейін құрастырушы (конструктордың) жұмысы басталады. Құрастырушы (конструктор) матамен киімді пішуші. Ол өзінің жұмысына байланысты өлшемдер алады. Киімнің өлшемін алу үшін кісінің дене бітімі, тігілер киімнің дизайны ескеріледі. Дизайны белгілі болып өлшем алынған киім пішу бөліміне жіберіледі.

Дизайнер, модельер-құрастырушы, тігіншілер бірлесе жұмыс істейді.

Abyroikz.kz

 

Ары қарай ол тігін цехына өтеді. Тігін цехына дейін әшекейлейтін жұмыстары болса, ол қайтадан дизайнердің алдына келеді. Қазақтың ұлттық киімінде, әсіресе, ою-өрнектің алар орны ерекше. Сол себепті қандай ою қойылатыны, ою қолмен кестелене ме, әлде компьютермен түсіріле ме деген мәселелер талқыланады. Қолмен тігілсе, қолөнерімен айналысатын шеберлердің қолына тапсырылады.

Abyroikz.kz

Дизайнер бастан-аяқ суретін салып береді. Егер әйелдерге арналған киім болса, ары қарай моншақтары алынады, моншақтардың түсі шешіледі.

Abyroikz.kz

Қол жұмысы біткеннен кейін астарын дайындап, конструктор қайтадан тігін цехына өткізеді.

Тігін цехына өткізілгеннен кейін дайын күйінде тігіліп шығады немесе тапсырыс берушіні тағы бір мәрте шақырып қайтадан өлшем жасалады. Өлшем кезінде конструктор мен дизайнер тапсырыс берушіге дайын болып қалған киімді кигізіп көріп, үлкен-кішілігін, қысқартатын немесе қосатын жерлерін, тапсырыс берушінің көңілінен шығу-шықпауын қадағалап, барлық жұмыстарды қосымша пысықтап, қайтадан түзеу үшін тігін цехына жіберіледі.

Абыройкз

Барлық жұмыстар жүргізіліп болғаннан кейін дайын өнім тапсырыс берушінің қолына тапсырылады. Ұлттық киім тігу әдісі қарапайым киім тігу әдісінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Алайда, аса жауапкершілікті талап етеді.

Бүгінде Abyroikz.kz тігін шеберханасында тігілген ұлттық киімдерді қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, спорт саңлақтары ерекше ықыласпен қабылдап, арнайы тапсырыспен тіктіреді.

Арнайы тапсырыспен тігілген киім міндетті түрде сымбатыңызға сән береді. Өйткені сіздің дене бітіміңіздің әрбір ерекшелігі есепке алынады, әрі өз қалауыңыз бойынша тіктіре аласыз. Қазақ өнерінің қайталанбас көрінісі бар ұлттық киімдерге тапсырыс берерде әрбір ұсақ-түйек жұмыстарға дейін мән бергеніңіз жөн.

Ұлттық жадымыздың жақұтындай болған ұлттық өнердің өркендегені әрбір қазақ үшін маңызды.

Оқи отырыңыз: 

♦ Айдар Мәсімғазы: Саудамен айналыспасаң, "саудаң" бітеді...

 

Marzhan Sabet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір