01 Тамыз, 2019 NEWS
Нұр-Сұлтанға жақын Қосшы ауылындағы заң бұзушылықты"крышавать" етіп отырған кім?
Лесная Поляна жері мен көп қабатты үйлер ТОО "Альянсстройинвест" балансында тұр
Ақмола облысы, Целининоград ауданы, Қосшы ауылы, Лесная Поляна тұрғын үйінде орын алып жатқан оқиғалар жергілікті халыққа ұнамайды. Тұрғын үй кешенін салушы "Альянсстройинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005-2006 жылдары ғимаратты тұрғызып, тұрғындар өз пәтерлеріне 2010 жылы кірген екен. Қазіргі ауылдың тұрмыс-тіршілігінде орын алып жатқан және тұрғындарды мазалаған жайт туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі мәселе қозғайды.
"Өзін-өзі басқаратын меншік үйлер иелерінің одағы" Қоғамдық бірлестігінің заңгері, Қосшы ауылының тұрғыны Абдукаймов Әлжан мырза:
"Дәл қазір "Альянсстройинвест" қарапайым тұрғындармен ойына келгенін жасап жатыр. Біріншіден олар заңсыз келіп жеке кәсіпкерлер жалға алған жертөленің есіктерін жауып кетеді. "Кеңсесіне барып неге олай жасадыңдар?" десе, "біз емес" деп жауап береді. Қалайша олар емес, видеода барлығы анық көрініп тұр ғой.
Екіншіден, олар бір ғимарат екі кәсіпкердің қолында, яғни бір пәтердің екі иесі бар екенін мойындағысы келмейді. Демек, 5 қабатты үйдің қожайыны бөлек, ішіндегі пәтерлердің қожайындары бөлек. Заңға сәйкес бір ғимаратқа екі жақтан иелік ету деген жоқ. Заң бойынша пәтерлер сатылған соң тұрғындарға заңдастырып беруі керек. Ал бұлар заңдастырудың орнына бұл көп қабатты тұрғын үйді "Цесна банкке" кепілге қояды. Лесная Поляна жері мен көп қабатты үйлер ТОО "Альянсстройинвест" балансында. Үшіншіден, олардың артында біреудің тұрғаны анық. Себебі біз тұрғын үй салушылардың үстінен прокуратураға барып, талай талап- арыз бергенбіз. Бірақ олар "дәлел жоқ" деп есіктен шығарып салады. Дәл осы ауылда болып жатқан оқиға Президент әкімшілігінің назарында да болған. Олар бұл тапсырманы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне шешуге жолдаған. Ал, министрлік оны біздің облыс әкіміне тапсырды. Облыс әкімі аудан әкіміне жіберді. Аудан әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлы ары қарай жұмысты кімге тапсырғаны белгісіз. Министрдің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылып, осы мәселені 31-шілдеге дейін шешіп, қорытындысын шығару керек болған. Бірақ мәселе әлі белгісіз. Егер нақты ақиқаты ашылатын болса, біраз адамның "былығы" ашылып қалуы мүмкін. Заңда бұл үйлер салынып біткен соң әкімдікке тапсырылуы керек болатын. Ол жасалмаған. Президент әкімшілігіне де арызданған болатынбыз, еш өзгеріс жоқ. Сонда аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан заңына бағынбай ма?! Аудан әкімдігі заңды таптаған ЖШС-не көмек беріп отыр ма? Негізі көп қабатты үйдің жертөлелері сол үйдің тұрғындарына тиесілі болуы керек. Ал олар өздері заңдастырып алып, сата берген. Бұған құзырлы орган өкілдері қалай ғана жол беріп қарап отыр.? Оларды "крышавать" етіп отырған біреудің бары анық. Мұндағы жертөлелер заң бойынша тұрғындарға тиесілі. Сұрақ: "Әділет министрлігі қалай бұл жертөлелерді заңдастырған сонда? Енді не істемек керек?",- дейді.
"Альянсстройинвест" заңды белшесінен басып, қалағанын істеп, үйді кез-келген уақытта кепілге қоя алатындығын ескеретін болсақ, жақын уақытта тұрғындар баспанасыз қалуы да. мүмкін. Жертөлені кішігірім бизнес орталығына айналдырғысы келген тұрғын үй салушы компанияның былығы аз емес сияқты. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына тиіп тұрған елдімекенде осындай бассыздықтар орын алып жатса, басқа жерлерді сөз етпей-ақ қоюға болады. Ең алдымен осы істің ақ-қарасы анықталып, министрдің берген тапсырмасы орындалуы тиіс.
"Өзін-өзі басқаратын меншік үйлер иелерінің одағы" қоғамдық бірлестігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған болатын. Мұнда ауылдағы ахуалдың ауыр екендігі жазылған. Хатта көрсетілген тұрғындардың ұсыныстары мен өтінішін, арыз-шағымын заңгер бізге өз аузымен айтып берді. Біз сайтқа президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазылған хаттың көшірмесін де жариялап отырмыз. Осыдан бірнеше ай бұрын Тоқаев Қосшы ауылына барып қайтқаны белгілі. Бұл мәселе енді Президентті де үнсіз қалдырмайды деп сенміз. Енді тұрғындардың осы уақытқа дейін шешілмей келген түйінді сауалына Президент араласпаса, оның "жабылған қазан" күйінде қалатын түрі бар. Бұл мақалаға Президент әкімшілігі баспасөз хатшысының тарапынан нақты жауап аламыз деп ойлаймыз.
Хат орыс тілінде жазылған
Дәл осы хаттан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тапсырмасымен комиссия құрылып, осы мәселені шешу керек болған. Бірақ тапсырма аудан әкімінің қолына жеткенімен, шешіліп жатқан ешнәрсе жоқ. Себебі проблема шыққан жеріне қайта келіп, тағы тоқтап қалды. Сұрақ: Президент әкімшілігінің, министрдің айтқаны неге орындалмайды, мәселе әлі күнге дейін неге шешілмей отыр? Сонда жоғары жақтың бұйрығы бос сөз болып қалғаны ма?
Ақмола облысы, Целининоград ауданында болып жатқан дәл осы мәселені құзырлы органдар көмегімен шешу үшін көп уақыт кетпес. 2012 жылдан бері соттасып келе жатқан қарапайым тұрғындар әлі де ешқашан берілмейтінін айтып отыр.
–Сонда мәселенің ақиқатын кім айтады?! Қордаланған түйінді кім шешеді? Сот пен облыс, аудан әкімдеріне сенім жоқ. Біз енді сарабдал саясаткер, дипломат Президент Тоқаевқа ғана сенеміз?"– дейді тұрғындар.
Әлжан Абдукаймов заңгер:
"Олар тұрғындарды алдап, жертөлелерді бірнеше адамдарға сатып халықты әбігерге салған. Тұрғындар қазіргі таңда сол "Альянсстройинвестпен" соттасып жатыр. Сатқан адамдарынан жертөлелерді қысым көрсету арқылы қайтадан тартып алып отырған. Оларды тыятын заң бар ма, оларға тоқтау айтатын кім бар?",- дейді заңгер.
Бұл мәселе шешілмесе, жағдай күрделене түседі. Заңгердің айтуынша, алдағы уақытта аталған мәселе шешіліп, заңды өрескел бұзғандар анықталып, оған кінәлілер жазаға тартылуы керек.
Болашақта елорданың абыройын көтеретін осы аудандар болуы әбден мүмкін.
Целиноград ауданы – Ақмола облысының оңтүстік -шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік (1961 жылға дейін Ақмола ауданы). 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 8,3 мың км². Тұрғыны 46,3 мың (2006). Аудан аумағындағы 55 елдімекен 15 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы — Акмол ауылы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір