• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 09:27:56
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

01 Тамыз, 2019 Аймақтар

Тоқаев Шымкенттің жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айрықша назар аударып отыр.

Жаңа әкім Ерлан Айтаханов алғашқы жұмыс сапарын қаланың шет жағында орналасқан шағынаудандардың тұрғындарымен кездесуден бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабына келіп, ауызсу және электр қуатымен қамту мәселесін тұрғындармен бірге талқылаған қала әкімі ауызсу мәселесін жүйелі түрде шешу бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

ерлан айтаханов

Тұрғындарды толғандырып отырған басты мәселе ауыз су мен сапалы электр энергиясы болып отыр. Кездесу барысында қала әкімі негізгі жұмыс халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын айтып, көтерілген мәселелерді рет-ретімен шешу міндеті тұрғанын жеткізді.

– Өздеріңізге мәлім, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айрықша назар аударып отыр. Халықтың тұрмысын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Менің басты мақсатым - шалғайда орналасқан елдімекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, - деді Ерлан Айтаханов.

Шымкент қаласындағы күрмеуі шешілмеген әр мәселе күн тәртібінен түспейтінін айтқан мегаполис әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қала әкімі алдағы уақытта халықпен кездесу үшін барлық елдімекендерге жиі барып тұратынын айтты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір