• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:41:47
Алматы
+35°

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» көлік жолының құрылысы және тағы да басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше ірі жобалар жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша облыста бюджет 99,6 пайызға игерілген. Бұл туралы облыс әкімі  Асқар Мырзахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында берген есебінде айтты.

«Жалпы 600 шақырым жергілікті автожолдар мен көшелерді жөндеу жүргізілуде (16,2 шақырым жаңа жол салынып, 6,2 шақырымы қайта жаңғыртылып, 30 шақырымы күрделі және 550 шақырымы орта жөндеуден өтеді) Оған республикалық бюджеттен – 8 миллиард, жергілікті бюджеттен 6,8 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде «қанағаттанарлық жергілікті автожолдардың үлесі» 85 пайызға жетеді (2018 жылы – 80,1 пайыз)», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, облыс әкімі аймақтағы газдандыру және ауыз су мәселесіне де тоқталып өтті.

«Газға қатысты айтсақ, 5 ауданда 81 елді мекенді (101 мың адам) газдандыру жұмыстары басталды (жыл соңына 9 елді мекенде жұмыстар аяқталады). Бұдан бөлек,бюджеттік бағдарламаларды тоспай мердігермен тікелей келісім шарт арқылы газ тарту мәселесін қарастырып отырмыз.

Бұрын бір аулаға шаққандағы жұмыстың құны 470 пен 650 мың теңге аралығында болатын. Коммуналдык 2 мекемеге – «Жамбыл жылу», «Темір жол жылуға» арнайы лицензия алып беріп, бұл бағаны 300 мың теңгеге дейін түсіріп отырмыз. Осының нәтижесінде қосымша 32 мың халық газға қол жеткізетін болады.

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған 199 елді мекенде 130 мың адам су құбыры бола тұра, суға қосылмағанын анықтадық. Алты айдың қортындысымен 34 мың адам құбырға қосылды. Жыл соңына дейін тағы да 30 мың адам су жүйесіне қосылатын болады. Бұл да коммуналдық мекемемен атқарылып жатқан жұмыстың есебінен. Бұған қоса, бюджет бойынша 18 елді мекенге су құбырлары жүргізілуде, оның 10 жобасы іске қосылады, қамту үлесі 56 пайызға жетеді, – деді Асқар Исабекұлы.

Мырзахметовтың айтуынша, облыс бюджетінің кірісі өткен жылдан (2018 жылы – 251,2 миллиард теңге) 51,6 миллиард теңгеге (20 пайыз) артып, бүгінде 302,8 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар, Ұлттық қордан әлеуметтік салаға қосымша 9,2 миллиард  теңге бөлініп отыр. Жалпы облыста жартыжылдың қорытындысы бойынша, бюджеттік кіріс 103,9 пайызға, меншікті кіріс 119,5 пайызға (32 миллиард теңге) орындалған. Бюджет 99,6 пайызға игерілген.

Қуаныш Кеуілімжай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір