• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:50:24
Алматы
+35°

02 Тамыз, 2019 Оқиғалар

Қорғаста жұрт неге қойма қақпасын бұзды? (видео)

Полиция мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған.

Полиция Алматы облысындағы "Қорғас" ШЫХО-да кеден қоймасының тоналғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ішінде әйелдер бар 15-20 адамнан тұратын азаматтар тобы кеденшілер қызметкерлерінің нысанындағы күш-жігеріне қарамастан "Алтынкөл" ТК-де уақытша сақтау қоймасының (УСҚ) қақпасын бұзып кіріп, қойма үй-жайларының алдындағы алаңға кірді", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен прокуратура қызметкерлері азаматтармен құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген және жағдай сол жерде реттелген. "Қойма үй-жайларын тонауға жол берілген жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.

"Бұл дерек ресми тіркелген. Құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілді. УСҚ қақпасын қиратқан бес қатысушы "Ұсақ бұзақылық" бабы жауапкершілікке тартылды. Панфилов аудандық сотының шешімімен 1981 және 1990 жылы туған екі әйелге (Жаркент қаласының тұрғындарына) 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 1993-98 жылдар аралығында туған (Үшарал және Қырыққұдық ауылының тұрғындары) үш ер адам үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтардың заңсыз іс-қимылына уақытша сақтау қоймасына өзінің салмақ лимитінен асып кеткен тауарларды орналастырған кеденшілермен наразылығы себеп болған. Бұрын кеденшілер алып қойған халық тұтынатын тауарлар қазіргі уақытта белгіленген талаптар бойынша мемлекеттік баж төленген иелеріне қайтарылған. Сондай-ақ, жағдайдың тұрақты екені және кеден бекетінің аумағында қосымша полиция жасағы қойылғаны айтылады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

В то время, когда вы мирно обедаете, сотрясает Международный центр приграничного сотрудничества Хоргос. Одно любопытное видео присоали только что с МЦПС «Хоргос». Посмотрите. На видео склад временного хранения. Казахстанская часть Международного центра приграничного сотрудничества «Хоргос». Сюда доставляют оставленные в зале таможенного досмотра бесхозные товары. Это баулы, которые «несуны», не успели пронести через таможенный пункт. К концу дня сотрудники таможни "забытый" товар загружают в тележки и отвозят на склад СВХ. До тех пор, пока не установят законных владельцев. Вчера на СВХ таможенники поместили 10 тонны такого товара. На видео склад, обнесенный оцинкованным забором в человеческий рост. Закрыт на замок. У входа один за другим собирается толпа "несунов". Люди пытаются с силой открыть ворота. По ту стороны заграждения охранники и полицейские держат оборону. К воротам потягивается еще два десятка человек, среди них дети. Видно, что силы не равные. Следующий натиск охранники не выдерживают и ворота ломают. Злоумышленники забегают на территорию склада и за доли секунды обчищают площадку. Как утверждают таможенники, это видео направлено в Департамент полиции Алматинской области, чтобы они установили нарушителей и приняли меры в отношении них. Однако, полиции др сих пор нет.

Публикация от СЕРДИТЫЙ ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@angry_taldyk)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қорғас кеден шекара

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір