• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 10:53:24
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

02 Тамыз, 2019 NEWS

Елімізде жүрген армян нөмірлі көліктер түгел тіркеуге қойылмақ

Ресми мәлімет бойынша, биылдың өзінде АҚШ-тан Арменияға 60 мыңдай жеңіл көлік әкелінген. Жап-жаңа болмаса да бағасы біздің елде шығарылатын көліктерден екі есе арзан. Министрлік енді жүргізушілердің бұл қулығын шектегісі келеді.

Елімізде жүрген армян нөмірлі көліктер түгел рәсімделмек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай бастама көтеріп отыр. Өйткені сол жақтан машина айдап әкеліп, еш жерде салық төлемейтіндер көбейген дейді министрліктегілер.

Мәселен, Қазақстан азаматы Арменияға барып уақытша тіркеуге тұрады да, көлік сатып алады. Ол көлігін сол Арменияда тіркеуге қояды. Сосын оны Қазақстанға әкеліп, осында мініп жүре береді. Ақырында не Арменияда, не Қазақстанда салық төлемейді.

Ресми мәлімет бойынша, биылдың өзінде АҚШ-тан Арменияға 60 мыңдай жеңіл көлік әкелінген. Жап-жаңа болмаса да бағасы біздің елде шығарылатын көліктерден екі есе арзан. Министрлік енді жүргізушілердің бұл қулығын шектегісі келеді.

"Егер жұрт сол жақтан көлік сатып алғысы келсе, мархабат, біз қарсы емеспіз. Тек заңдастырсын. Транзиттік нөмірмен әкелудің қажеті жоқ. Одан да осында әкеліп, заңға сай тіркеуге қойып, сосын емін-еркін айдап жүре берсін", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов мырза.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір