• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:06:10
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2019 Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды. Ең алдымен қаладағы өндірістік алаңның жұмысымен танысты.

30 гектар аумақты алатын технопарктің негізгі міндеті өнім өндіру саласындағы жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді бір жерге орналастыру. Осы уақытқа дейін алаңға ішкі және сыртқы инженерлік желілер тартылып, әкімшілік ғимараты мен ангар салынып, бөлінген қаражат толығымен игерілген. Қазіргі таңда, Жаңаөзен қаласы әкімдігі және "Атамекен кәсіпкерлер палатасы" арасында жұмыс тобы құрылып, "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өндірістік алаңнан кәсіпкерлерге жер учаскелерін ӨҮК (Өңірлік үйлестіру комиссиясы) арқылы бөлу жұмыстары талқылануда. Бүгінгі күнге дейін өндірістік алаңға орналасу бойынша 37 кәсіпкерден ұсыныс түскен. Оның ішінде жиһаз өндіретін цех, тігін шеберханасы, қағаз, полиэтилен пакетін өндіру және т.б. бар.

Осыдан кейін аймақ басшысы "Бизнес инкубатор" ғимаратына барды. Орталықтың міндеті қаладағы жаңадан ісін бастайтын кәсіпкерлерге кешенді көмек көрсету болып табылады. 2015 жылғы екі жақты Сенімгерлік басқару шартына сәйкес, бизнес инкубатор ғимараты облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасына берілген. Кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін аталған ғимаратты жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға 1 ай мерзім берілді. Сондай-ақ, облыс әкімі құқықтық қызмет көрсету орталығы мен «Неке сарайы» ғимаратының қызметімен танысты.

Келесі кезекте өңір басшысы Серікбай Трұмов Жаңаөзен қалалық Атамекен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. 2014 жылдан бері қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлер палатасының негізгі мақсаты – қала бойынша кәсіпкерлік секторды дамыту, олардың мүдделерін қорғау, кәсіпкерге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, осы саладағы мемлекеттік саясатты, бизнесті және әкімшілік өзара іс-қимылдарды жетілдіру, сервистік қызмет көрсету болып табылады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жаңаөзен қаласының активімен кездесіп, қаланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалысымен және қаладағы әлеуметтік мәселелермен танысты.

- Алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруымыз қажет. Осы бағытта шағын орта бизнесті дамытуымыз керек деп санаймын. Мысалы, "СПК" Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаладан бірнеше дүкендер салсақ, тұрғындарға жеке кәсіппен айналысуға мүмкіндік болар еді, - дейді Серікбай Трұмов.

Қаламыздағы 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқтау бойынша Кешенді жоспарға сәйкес «Өзенмұнайгаз» АҚ және жеке инвестициялар қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Кешенді жоспарда 2019-2025 жылдар аралығындағы қарастырылған іс-шаралардың, инвестициялық жобалардың іске асырылуының нәтижесінде 5606 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір