• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:21:06
Алматы
+35°

04 Тамыз, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады

Кран жүк көтеріп жатқан кезде құлаған.

Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанында кран құлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше таңғы сағат 09.24-те "Сенсата Парк" тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс нысанын "Sensata Construction" кәсіпорны салып жатыр.

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кранда отырған адам ішінен шығып үлгерген.

Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Тұран даңғылында "Астана Опера" театры мен "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының арасында орналасқан.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір