• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:59:43
Алматы
+35°

4 тамыз күні Тәжікстан Республикасы Қорғанысқа жәрдемдесу қоғамдық ұйымының «Ан-2» оқу-жаттығу ұшағы құлады. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

1978 жылы жасалып, қолданысқа берілген ұшақ Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің «Фахрабад» оқу-жаттығу полигонында, жоспарлы ұшуларды орындау кезінде техникалық себептерге байланысты апатқа ұшырады.

68-жастағы ұшқыш Хорасан аудандық ауруханасына жетер-жетпес жолда көз жұмған. 28-жастағы қосымша ұшқыш сол ауруханада жатыр. Қазір аталмыш елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті апатқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір