• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:54:49
Алматы
+35°

05 Тамыз, 2019 NEWS

Нарынқолдың тіршілігіне қан жүгіре бастады

Ауылдың ішкі жолдары жылдың аяғына дейін түгел асфальтталады.

Алматы облысының Райымбек ауданында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлады "Хабар 24" сайты.

Бастапқыда жаңа ауданды дамытуға 2 млрд теңге бөлінсе, бүгінде біреуінің ғана құны осыншама қаржыға тең келетін үлкен ғимараттар салынып, ірі жобалар жүзеге аса бастады.

Ардақ Айбарұлы, тілші:

– Райымбектей батыр бабамыздың есімімен аталатын бұл ауданның орталығы мәртебесі Нарынқолға берілгелі бері ауылдың күретамырына қан жүгіре бастағандай. Мұнда ескі ғимараттар мен көшелер қайта жөнделіп, жаңа әлеуметтік нысандар, жаңа үйлер салынып жатыр. Ең бастысы кезінде қалаға үдере көшкен тұрғындар біртіндеп ауылға оралуда. Аудан орталығындағы ескі әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жасалып, жаңа сервистік әкімдік, халыққа қызмет көрсету орталығы, денешынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Қазір Нарынқолдағы балалар ойнайтын алаңқайларға көрші ауылдың тұрғындары да жиі келетін болған.

Жазира Қатамбаева, Қаратоған ауылының тұрғыны:

– Ауруханамыз қайтадан салынып жатыр. Бұрын бізде балаларға мынандай мүмкіндіктер болмаған. Егер үлкен кісілер келіп, жаттығамыз деп жатса, оған да мүмкіндік жасап қойған. Қазір бұрынғыдай емес, ауданымыз шын мәнінде жақсы болып келе жатыр.

"Жағатал өзенінің ұзындығы 2 шақырымдық жағалауын нығайтып, оның үстінен өтетін екі көпірге күрделі жөндеу жасап жатқан жайымыз бар. Мектептеріміз жаңа оқу жылына дайын. Қақпақ ауылында ауызсу құбыры жөнделіп, қыс түскенше Нарынқолдағы көшелердің барлығына асфальт төсейміз", – дейді жергілікті билік өкілдері.

Ғалым Жусанбаев, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары:

– Нарынқол ауылының өзінің ішкі жолдары – 54 шақырым. 54 шақырым биылғы жылдың аяғына дейін 100 пайыз түгел асфальтталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нарынқолда өткен жылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған 20 арендалық үй салынып, пайдалануға берілді. Күзде 83 коммуналдық үйдің құрылысы қолға алынбақшы.

Ардақ Айбарұлы,

Қуаныш Түргенбаев

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір